«Оқушылардың даму физиологиясы» пәнінің негізгі міндеттері білім алушыларда ББ бағдарламасы бойынша бірқатар оқыту нәтижелерінің пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады:
- Оқушылардың даму физиологиясы бойынша білімдерін соңғы ғылыми жаңалықтармен ұштастыра отырып жинақтау;
- Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жасөспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін жіктеу;
- Оқытту мен тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негіздерін бағалау;
- Болашақ оқытушылар мен тәрбиешілерді балалар мен жас жеткіншектердің өсіп дамуының ерекшеліктерімен таныстырып, сол мағлұматтарды оқу-тәрбие жұмысында пайдаланудың қажеттілігін түсіндіру;
- Болашақ мұғалімдердің кәсіби әрекеттеріне қажетті дағдылар қалыптастыру арқылы шешім қабылдау.