Пәнді оқыту нәтижелері:
Блум таксономиясы деңгейлері
Білу және түсіну (нақты қандай іс-әрекетті көрсетуі керек, мысалы терминдерді, негізгі фактілер және т.б білуі және түсінуі):
Әдістемелік ғылымның нысанын, пәнін, міндеттері мен зерттеу әдістерін, кіші мектеп жасындағы балаларға математиканы оқытудың теориясы мен практикасының қазіргі жайын, тенденциясы мен даму бағыттарын, матемтиканы оқыту әдістемесінің қалыптасу тарихын және құрылымдық элементтерді, мектепке дейінгі математикалық білімнің мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламаларының мазмұнын, құзыреттіліктерге (пәндік, коммуникативтік, ақпараттық және т.б.) қойылатын талаптарды білуі қажет.
Қолдану (нақты практикалық жағдайлар мен жағдаяттарда оқыған материалды қолдана білуі):
Мектепке дейінгі білім беру бойынша нормативтік-құқықтық құжаттар туралы білімді кәсіби іс-әрекетте және математикалық білім берудің деңгейлері арасындағы перспективтік және сабақтастық байланыстарды жүзеге асыру құралдарын кәсіби іс-әрекетте қолдана білуі шарт..
Достарыңызбен бөлісу: |