Пәнді оқыту әдістері
Дәріс: баяндау, пікір алмасу, пікірталасу, проблемалық әдістер.
Тәжірибелік сабақтар: ауызша талдау, студенттердің білім деңгейін бақылау, құзіреттіліктерді меңгеруі бойынша тиімді кері байланыс, MCQ, PAL, SAQ, SGL, TaskBL, TBL.
Білімгерлердің оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы (ОБӨЖ): өткен тәжірибелік сабақтарында қарастырылған сұрақтарды тереңдетіп оқу, өз бетімен оқуға арналған тақырыптар және туындаған сұрақтар бойынша оқытушыдан кеңес алу.
Білімгерлердің өзіндік жұмысы (БӨЖ): тәжірибе түрінде орындалады деп көрсетілген тақырыптарды өз бетімен оқу, компьютерлік модельдер және бағдарламалармен жұмыс, шағын топтарда жұмыс, қосымша әдебиеттермен, электрондық ақпарат тасымалдаушылармен жұмыс, презентация, ғылыми рефераттар дайындау және қорғау.
Мүмкіндігі шектеулі білімгерлер үшін құрылымдық бөлімдермен бірлесіп, мамандандырылған бейімдеу пәндерін (модульдерін) енгізудің оқыту әдістерін, формаларын, бақылау түрі мен уақыт мөлшерін пән оқытушысы өзгерте алады.
Бағалау саясаты
Осы пәнді оқу барысында 1 және 2 аралық бақылау (АБ) автоматты түрде есептелінеді. АБ-дың 50% ағымдағы бақылау (апталық бағалау) және ОБӨЖ, 40%-БӨЖ тапсырмасы, 10%-сабаққа қатысуы құрайды. (барлығы 100%). Ағымдағы бақылау (апталық бағалау) оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіледі және аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтардағы (ОБӨЖ) бақылауды қамтиды.
Қорытынды баға: екі аралық бақылаудың орта мәнінің 60% және қорытынды бақылау (емтихан) нәтижесінің 40% құрайды.
Білімді бақылау кестесі
Достарыңызбен бөлісу: |