Салыстырмалы ылғалдылық (Ысал.) – топырақтың ылғалмен қанығу дәрежесі немесе абсолюттік ылғалдылық пен ең төменгі ылғал сыйымдылығымен қатынасын 100-ге көбейткендегі мән. Ылғалдылық пайызбен беріледі. Абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылық белгілі болса, топырақ ылғалының мәдени өсімдіктер пайдалана алатын мәнін анықтауға болады. Өсімдіктер пайдалана алатын күйдегі ылғал мөлшерінің жетіспеушілігіне байланысты өсімдіктердің тұрақты қурай бастау шегін қурау ылғалдылығы (ЫҚ) деп атайды. Ол топырақтың құрғақ салмағының пайыздық мөлшерінде беріледі. Топырақ ылғалдылығы қурау ылғалдылығымен теңескен кезде өсімдіктердегі фотосинтез үрдісі де тоқтайды.
Топырақтың өнімді ылғалдылығы дегеніміз – судың қурау ылғалдылығынан артық бөлігі, оны өсімдіктер толығымен пайдалана алады. Қурау ылғалдылығы мен жалпы ылғалдылық мөлшерін білетін болсақ, топырақтағы өнімді ылғалдылықтың қорын есептеп шығаруға болады. Өнімді ылғалдылықтың мөлшерін су қабатының миллиметрмен өлшенетін мәні арқылы белгілейді. 1 гектардағы судың әр миллиметрі 10 т суға тең.
Өнімді ылғалдылық қорын мына формула арқылы есептейді:
W = 0,1 ҚС-һ (Ыабс - Ық), бұндағы
W – өнімді ылғалдылық қоры, мм;
0,1 – су қабатының ауысуы коэффициенті, мм;
ҚС – топырақтың көлемдік салмағы, г/см3
Һ – өнімді ылғалдылық қоры есептелетін топырақ қабатының қалыңдығы, см;
Ыабс – топырақтың абсолют құрғақ салмағының ылғалдылығы, %
Ық. – абсолют құрғақ топырақтың қурау ылғалдылығы, %
Шартты түрде көптеген өсімдік түрлері үшін оптималбды ылғалдылық ретінде топырақтың толық ылғал сыйымдылығының 50-60 %-ы қабылданған. Әртүрлі топырақтардың ылғал сыйымдылығы әрқалай болғандықтан, оның абсолюттік мөлшері де әр жағдайда әрқалай болады.
Топырақтың су режимі орман төсеніші үлкен оң әсерін тигізеді. Орман төсеніші физикалық және суға қатысты қасиеттері бойынша минералдық горизонттардан өзгеше. Орман төсенішінің меншікті салмағы 1,5-тен 1,8-ге дейін, кейде 2-ге, көлемдік салмағы 0,04 және 0,2-ге дейін жетеді. Орман төсенішінің ылғал өткізгіштігі өте жоғары және онда минутына жүздеген мл су өткізіледі деп есептеледі.
Н.Ф.Созыкиннің бақылауы бойынша, шырша орманының төсенішін жинап тастағаннан соң, топырақтың су өткізгіштігі 3-4 есе азайған. Орман төсеніші топырақты судың шаюына және ауа өтетін кеуектердің лайлы тұнбамен бекітіліп қалуынан және ұсақ шаң, балшық бөлшектердің тамырларды зақымдауынан сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |