Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
Зертханалық жұмыс №14-15.
Тақырыбы: Топырақ су сүзіндісін анықтау
Сабақтың мақсаты: Су сүзіндісін /pH/ реакциясын анықтау.
Сабақтың әдісі: Су сүзіндісі реакциясына қарап,өсімдіктің өсіп-өнуіне тікелей әсер ететін топырақ ерітіндісінің қышқылдығы немесе сілтілігі жөнінде мәліметтер.
Сабақтың құрал-жабдықтары: пробирка, тамызғыш/пипетка/, эталонды кассета, 100мл шыны ыдыс, қағаз, үлкен воронка.
Сабақтың барысы: 1.Диаметрі 1мм көзше електен өткен 20г құрғақ топырақты өлшеп алу керек.
2.Өлшенген топырақты сыйымдылығы 100мл шыны ыдысқа салады да,үстіне дистиллят
Қағаздан жасалған бүктесінді сүзгі мен үлкен воронканы дайындап қояды.
3.Шыны ыдыс ішіндегісін шайқап араластырған соң, сүзгіге ақырындап, воронкалардың қабырғаларына сиятындай етіп үстінен құяды.Сүзгіден өткен бірінші лайлы бөлігін қайтадан сүзіп, колбаға тек таза сүзіндіні жинайды.
Су сүзіндісі/pH/реакциясын анықтау
Су сүзіндісі реакциясына қарап,өсімдіктің өсіп-өнуіне тікелей әсер ететін топырақ ерітіндісінің қышқылдығы немесе сілтілігі жөнінде мәліметтер алынады. Мәдени өсімдіктер әр түрлі топырақ ерітіндісі реакциясын түрліше қабылдайды.Олардын кебісі бейтарапты немесе соған жақын реакцияда қалыпты дамиды. Мәселен, бидай бейтараптыға жақын, зығыр әлсіз қышқылды, картоп қышқылды, мақта сілтілі реакция сутекті және гидроксильді иондарға, суда еритін қышқылдарға, сондай-ақ топырақ құрамындағы қышқылды және сілтілі тұздарға байланысты. Сутекті және гидроксилъді иондардың ара қатынасына қарай, реакция /орта/ бейтарапты, қышқылды немесе сілтілі болады. Сутекті иондар мен гидроксилъді иондар концентрациясы тең болған жағдайда /Н<ОН/ бейтарапты реакция болып,мұның алдыңғысы кейінгісінен артық болса /Н<ОН/,онда қышқылды реакция, ал бұған керісінше жағдайда /Н<ОН/ сілтілі орта қалыптасады.
Су сүзіндісі реакциясын рН шамасынан белгіленген сутекті иондар концентрациясының теріс логарифмін құрады. РН шамасына қарай топырақ аса қышқылды /рН 3-4/, қышқылды /рН 4-5/, әлсіз қышқылды /рН5-6/, бейтарапты /рН6-7/, сілтілі /рН 7-8/және күшті сілтілі /рН 8-9/ болып белгіленеді. Күлгін топыраққа қышқылды реакция тән.Тұзды топырақтар әдетте сілтілі ортасымен ерекшеленеді.Қазіргі кезде рН-ты калориметриялық және электрометриялық әдістермен анықтайды.
Калориметриялық әдіс тек қана түссіз зерттеуге жарамды. Әйтсе де қолдануға қолайлы және қолдану уақыты ұзақ емес.
рН-ты колориметриялық әдіспен анықтау үшін, Алямовский аспабын пайдаланады.
Бұл аспап түрлі түрлі шкаладан немесе 4,8-8,0 аралығындағы рН анықтауға мүмкіндік беретін түрлі-түсті үлгі ерітінді құйылған пробирка,тамызғыш/пипетка/, компаратордан және КСШ индикаторынан/ 15мл тазартылған судағы 3,75 г тұз ерітіндісінен/ тұрады.
Талдау барысы:
1.2,5 мл тамызғыш пен аспаптың бір пробиркасын сынаққа алынған аздаған мөлшерлі сүзіндісімен жуып шаяды.
2.Ол сүзіндінің 2-5 мл индикатордың 2-3 тамшысын пробиркағка құйып сілкігеннен соң рН шамасын анықтайды.
3.Ерітінді түсіне қарай қажетті эталонды кассетаны таңдап алып,оны рН-тың белгісі сырт жағында болатындай етіп, компаратор ұясына қондырады. Пробирканың ішіне сынақ ерітіндісі құйылғанын сол жақ ұяға/мөлдір бөлектің қарсы жағына/,ал су құйылғанын оң жақ ұяға орналастырады.
4.Кассетаны тік бағытта қорғау арқылы қос шыны түтікті компаратордың арнаулы тесіктерінен қарап,түсін зерттеуге алынған түсіне сәйкес келетіндей үлгіні табады.
5.Егерде ерітіндінің түсі екі үлгі аралығында орташа дәрәжеде болса,онда рН-тың орташа көрсеткішін алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
Достарыңызбен бөлісу: |