Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет48/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009


Зертханалық жұмыс№12-13.


Тақырыбы: Кноп-Сабинин бойынша гумусты салмақтық хром тәсілімен анықтау.


Сабақтың мақсаты: Бұл тәсіл бойынша гумустық көміртегі хромды ангидритпен күкірт қышқылының қатысуымен СО2 газына дейін тотықтандырады.
Сабақтың әдісі: Кноп приборын қолдану.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Кноп приборы, варонка, натронды әк, хлорлы калций, каучукты тығын.
Сабақтың барысы: Пайда болған СО2 ні сіңіргіш түтігінде натрондық әкпен жинайды. Есептеуді топырақтағы гумустың құрамында 58 пайыз көміртек мөлшері бар деп шығарады.
Кноп приборының құрылысы. Ернеуі кең сыйымдылығы 250-500 мл келетін колбаны екі тесікті пробка арқылы шариктік (қайтармалы) тоңазытқышқа және өлшемді к варонкаға қосқан. Варонка резіңкелі және әйнектік трубка арқылы шайғыш Дрексел склянкасымен жалғасқан, онда қаныққан (1:1) КОН ерітіндісі бар. ол көмірқышқыл газын сіңіруге арналған. Склянкадағы ерітінді биіктігі 2-3 см-ге жетеді. Шайғыш склянка екі тесігі бар пробкамен жабылған, оған әйнек трубка жалғасқан. Атмосфералық ауамен байланыскан трубка өзінің төменгі ұшымен резіңке арқылы өлшемдік варонкамен жалғасқан.
Шариктік тоңазытқыш өзінің жоғарғы ұшымен біртіндеп әйнекті екі иінді трубка U -тәріздес трубкамен, ол НСІ сіңіру үшін мұқият тазартылған темірлі сымнан толтырылған және Ag2S04-пен қаныққан әрі 5% H2S04 бар калиаппаратпен жалғасқан. Талдауға алынатын топырақ хлоридтарға бай болса, күмісті сульфат (немесе нитрат) қолданылады. Калиаппараттан кейін Ag2S04 немесе темір сымнан соң су буларын және азот тотығын сіңіру үшін күшті күкірт қышқылды калиаппарат орнатылған. Одан кейін екі U-тәрізді әйнекті сіңіргіш орнатылған. Ол натрионды немесе аскаритпен және сусыздандырылған түйірлі хром кальцийімен толтырылып Труба шамамен ~ бөлігі диаметрі 3мм келетін натронды әк түйірлерімен және 1;4 бөлігі сусыздандырылған туйірлі хлорлы калций мен толтырылған, ол натронды әктен борпылдақ мақта қабатымен бөлінген. Трубаның жоғарғы бөлігінде оның екі тізесінде аздап бос мақта қойылған, ол ауа ағымымен каучукты тығынмен жабады, қосар алдында оны алады.

Сурет 8. Кноп-Сабинин бойынша гумусты анықтау.


Трубканы аспапқа қосқанда натронды әк колбадағы топырақ жағында, ал хлорлы кальций аспиратор тұсыңда болуын ескеру керек. Трубкаға келетін көмір қышқыл газы натронды әкпен сіңіріледі, карбонат натрийі және кальций түзіледі. Натронды әкпен бір мезетте су бөлінеді, хром кальцийімен ұсталынады. Су труб кадан шықпау және трубка салмағының өзгермеуі үшін, ауа ағымы СО2 мен бірінші кезекте натронды әкке одан кейін туйірлі хлорлы кальцийге түсуі керек. Аппарат дұрыс жұмыс істеген жағдайда максимум көмір қышқыл газын бірінші натронды әкті трубка сіңіреді. Жұмыс барысында U тәрізді трубканы және калиаппа ратты, әсіресе оны приборға қосқанда немесе одан ағытқанда тек бөлшегімен ғана ұстау керек.


Сіңіру трубкасы мен аспиратор арасына сусыздандырылған түйірлі хлорлы кальцийлі U тәрізді трубканы сақтандырғыш ретінде орналастырады. Аспиратор тубусты екі бутыльден тұрады, олар мерзімдер бойынша аппаратқа қосылады. Аппарат пен сақтанлырғыш трубкадағы каучукты трубкаға бұрандалы бітегіш кигізеді.
Аспаптың барлық трубкалары және калиаппарат тығыз каучукпен пробкамен бекітілген және әйнекті трубкалармен өте берік жалғасгырылған.
1.Ауалы құрғақ топырақтан топырақты талдауға дайындау кезінде «Топырақтарда гумус пен азотты анықтау» бөлімінде көргсткендей І-ден 8 г-ға дейін үлгі алады (топырақтағы гумус молшеріне байланысты) топырақты пробиркаға салып, аналитикалық таразыда өлшейді, одан Кноп прибор қолбасына салады және пробирканы қайтадан өлшейді. Өлшемдердің айырмашылықтары арқылы топырақ салмағын табады. Одан кейінгі талдау барысы карбонаттар анықталымына және оның мөлшеріне байланысты.

Егер топырақта карбонаттар мөлшері жоқ не аз болған жағдайда (топырақ көпіршімейді) оны анықтау керек, оны былйй жвсайды. Колбадағы топырақ үлгісіне өлшемді көлемдегі дисстилденген су құяды, мұнда өлшемдік варонка ұшы lмм дейін батырылып тұру керек, өлшемдік варонканың кранын жабады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет