Кішкене кесек немесе аздап кальций оксиді ұнтағын стаканға салыңыз, оған 5 есе көп су құйыңыз. Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырыңыз және 2-3 минут тұрыңыз. Стакандағы ерітіндіні 1—2 мл ден екі пробиркаға бөліңіз.
2
Шыны түтіктің көмегімен 1-ші пробиркадағы ерітінді арқылы шығарылған ауаны абайлап үрлеңіз. Не байқадыңыз? Реакция қалай аталады? Теңдеуді жазыңыз.
3
2-ші түтіктегі ерітіндіге 2-3 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңыз. Не байқадыңыз? Кальций гидроксидінің ерігіштігі туралы тәжірибе негізінде не айтуға болады?