Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»


Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар



бет109/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
1. Көбею мүшелерінің жалпы сипаттамасы және құрылыс заңдылықтары.
2. Көбею мүшелерінің филогенезі және онтогенезі.
3. Еннің құрылысы, топографиясы және жануарлардың түрлеріне байланысты олардағы ерекшеліктер.
4. Енқаптың және жыныс жолдарының (ен қосымшасы, енбау, шәуетжолы, несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері, жыныстық қатынас мүшесі) құрылысы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1-сұрақ. Көбею мүшелері – жануарлар түрлерінің сақталуы мен ұдайы көбеюін қамтамасыз ететін ішкі мүшелер жүйесі. Жыныс мүшелері құрылысы мен қызметіне байланысты екі бөлімге бөлінеді:
1. Жыныс бездері (паренхималы мүшелер) – еркек жануарларда – ен; ұрғашы жануарларда – жұмыртқалық.
2. Жыныс жолдары (түтікше мүшелер) – еркек жануарларда – ен қосымшасы, енбау, шәуетжолы, несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері, жыныстық қатынас мүшесі; ұрғашы жануарларда – жатыр түтігі (жұмыртқа жолы), жатыр, қынап, несеп-жыныс кіреберісі, сыртқы жыныс мүшелері.
2 – сұрақ. Филогенез. 1.Жыныссыз көбею (жасушалардың бөлінуі, шизогония) – қарапайымдар.
2.Жыныссыз және жыныстық көбею (макрогаметалар, микрогаметалар) – ішекқуыстылар.
3.Гермафродитизм (бір организмде аталық және аналық жыныс мүшелері болады) – ақ планария, паразит құрттар
4. Жыныстық көбею – дара жынысты жануарлар.
Онтогенез. Жыныс бездері - аралық бүйректің медиальды бетіндегі мезотелийдің (мезодерма сегменттік аяқшасы – нефрогонадотомынан жетіледі) жыныс қатпары (гонад) ретінде қалыптасады. Сарыуыз энтодермасынан жетілген гаметобласттар қанның ағысымен гонадқа келіп қоныстанады. Гонад жасушалары жыныс жасушаларын қоректік заттармен қамтамасыз ететін тіректік жасушаларға, ал гаметобласттар – жыныс жасушаларына (болашақ жынысына байланысты сперматозоидтарға немесе жұмыртқа жасушаларына) айналады. Еркек жануарлардың жыныс безі – ен, ал ұрғашы жануарлардың жыныс безі – жұмыртқалық дамып жетіледі.
Жыныс жолдарының дамуы зәр бөлу мүшелері дамумен тікелей байланысты. Еркек жануарларда аралық бүйрек (Вольф) өзегінен – ен қосымшасының өзегі және шәует жолы дамиды. Ұрғашы жануарларда бастапқы бүйрек (Мюллер) өзегі белсенді жетіліп, жұмыртқа жолына, жатырға және қынапқа айналады. Жұп Мюллер өзегінің бір-бірімен түрлі дәрежеде қосылып дамуына байланысты әр түрлі жануарларға тән жатыр түрлері дамып жетіледі.
1.Мюллер өзектері бір-бірімен қосылмай несеп-жыныс кіреберісіне жеке дара ашылуы нәтижесінде қосқынапты қосжатыр дамиды (кенгуру, қалталы аю - коала, қалталы пері, қалталы көртышқан т.б.).
2.Мюллер өзектерінің соңғы ұштарының қосылуынан бірқынапты қосжатыр жетіледі (пілде, кейбір кеміргіштерде).
3.Мюллер өзектерінің одан әрі көбірек қосылуынан қосбөлімді жатыр дамиды (кейбір кеміргіштер, жарғанаттар).
4.Мюллер өзектерінің жартылай қосылуынан жоғарғы плаценталы жануарларға тән қосмүйізді жатыр дамып жетіледі.
5. Мюллер өзектерінің толық қосылуынан қарапайым жатыр жетіледі (адам, приматтар).
3 – сұрақ. Ен – пішіні сопақша келген жұп еркек жануарлардың жыныс безі. Құрылысы жағынан қомақты паренхималы мүше. Еркек жануарлар жыныс безінде аталық жыныс жасушалары – сперматозоидтар көбейіп пісіп жетіледі және аталық жыныс гормоны – тестостерон түзіледі. Ен – құрсақ қабырғасының қалта тәрізді туындысы – енқапта орналасқан. 1. Еннің бөліктері: Ен екі қабықпен қапталған: 1.Өзіндік қынаптық қабық (висцеральды ішперде жалғасы), сыртқы қабық, 2.Ақ қабық (тығыз дәнекер ұлпасы), ішкі қабық. Ақ қабық ен басынан ен құйрығына қарай үңгілей еніп, ен ортасын жасайды. Ақ қабықты ен ортасымен жалғастырып, ен паренхимасын (ирек тұқымдық өзекшелер) бөліктерге бөлетін тығыз дәнекер ұлпалық аралықтар ен перделіктері – деп аталады. Еннің стромасын: дәнекер ұлпалық ақ қабық, ен ортасы, ен перделіктері құрайды. Ен бөлікшелері – 2 – 4 ирек тұқымдық өзекшелерден тұрады. Сперматогенез процесі ирек тұқымдық өзекшелердің қабырғаларында жүреді. Ирек тұқымдық өзекшелер сыртынан өзіндік қабықпен (дәнекер ұлпасы) қапталған. Бұлардың қабырғаларын құрылымдық негізде бір-бірімен тығыз байланысқан екі түрлі жасушалар: пішіні конус тәрізді эпителиоциттер (торфикалық синцитий, Сертоли жасушалары) мен сперматогенді жасушалар (өзектің сыртқы жағынан оның қуысына қарай даму сатысындағы жыныс жасушаларының орналасу қатарлары: сперматогониялар, біріншілік сперматоциттер, екіншілік сперматоциттер, сперматидалар, сперматозоидтар) құрайды. Бұлардың аралығында қан тамырларына бай борпылдақ дәнекер ұлпасы мен тестостерон гормонын бөлетін интерстициальды жасушалар (эндокриноциттер) болады. Бөлікшелерден шығатын түзу тұқымдық өзекшелер ен ортасында бір-бірімен байланысып, ен торын жасайды.
4 – сұрақ. Тұқымәкеткіш өзекшелер (10 - 30) – ен торынан пісіп жетілген сперматозоидтарды алып шығып, ен қосымшасының өзегіне жеткізеді. Бұлар ен қосымшасының басын құрайды. Қабырғасы екі қабаттан тұрады: ішкі – бірқабатты эпителий қабаты (призма тәрізді кірпікшелі эпителиоциттер және кірпікшесіз текше тәрізді эпителиоциттер), сыртқы – құрамында жекеленген миоциттер болатын дәнекер ұлпалық қабат. Призма тәрізді кірпікшелі эпителиоциттер – сперматозоидтардың тұқымәкеткіш өзекшелерден ен қосымшасына қарай қозғалуын қамтамасыз етеді, ал кірпікшесіз текше тәрізді эпителиоциттер – сперматозоидтардың қоректенуіне керекті сөл бөледі. Тұқымәкеткіш өзекшелер – ен қосымшасының басын құрайды.
Ен қосымшасы – пісіп жетілген шәует (сперма) уақытша жиналып сақталатын түтікше мүше. Ен қосымшасының өзегі тұқымәкеткіш өзектердің қосылуынан пайда болады. Оның сөлі сперматозоидтардың қимыл қозғалыстарын тежеп, олардың тіршілік қасиеттерінің ұзақ мерзімге сақталуын қамтамасыз етеді. Аталмыш өзек ен қосымшасының денесі мен құйрығын құрайды. Қабырғасы екі қабаттан тұрады: ішкі – бірқабатты екіқатарлы эпителий қабаты (екі түрлі эпителиоциттер құрайды: 1.сопақ ядролы призма тәрізді эпителиоциттер – ядролары жоғары орналасады, сөл бөледі; 2.дөңгелек ядролы текше тәрізді эпителиоциттер – ядролары негіздік жарғаққа жақын орналасады, камбиальды қызмет атқарады) және сыртқы – дәнекер ұлпалы-етті қабат (құрамында бірыңғай салалы ет миоциттері болады).
Шәуетжолы – шәуетті ен қосымшасынан алып шығатын түтікше мүше. Қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі, етті және сірлі қабықтардан тұрады. 1.Кілегейлі қабық – екі қабаттан: эпителий және өзіндік тақташадан құралған. Эпителий қабаты – ен қосымшасынан басталған бөлігін – екіқатарлы кірпікшелі эпителий, ал несеп-жыныс өзегіне жақын бөлігін – бірқатарлы призма тәрізді эпителий астарлайды. Несеп-жыныс өзегіне ашылар тұста кеңейіп, ампула тәрізді без түзеді. Бездің сөлі сперматозоидтарды қоректендіреді. 2.Етті қабық – екі қабаттан: ішкі – сақинаша, сыртқы – ұзынша қабаттардан тұрады (бірыңғай салалы ет ұлпасы). 3.Сірлі қабық.
Енбау –шәуетжолынан, қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерден құралған пішіні кесілген конус тәрізді құрылым. Ол шап өзегіндегі қынаптық өзекте жатады, тамырлар және шәуетжолы қатпарларынан құралған.
Несеп-жыныс өзегі – шәуетэжолының қуық мойнына ашылған жерінен басталады. Ол екі бөліктен: жамбастық және жыныстық мүше бөліктерден тұрады. Қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі, кеуекті және етті қабықтардан тұрады. 1.Кілегейлі қабық (көпқабатты ауыспалы эпителий және өзіндік тақташа), 2.Кеуекті қабық (дәнекер ұлпалық перделіктер – миоциттер, эластин талшықтары; эндотелиймен астарланған үңгірқуысты вена қан тамырларының торы), 3.Етті қабық (көлденең жолақты бұлшық ет).
Қосалқы жыныс бездері – несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлігі қабырғасында орналасады: 1.Көпіршікше без – жұп без. Қабырғасы үш қабықтан: 1.Кілегейлі қабық (бірқабатты призма тәрізді эпителий, өзіндік тақташа – көпіршікше-түтікше бездер – кілегейлі сөл бөледі), 2.Етті қабық (нашар жетілген), 3.Адвентиция.
2.Қуықалды без – қабырғалық бездер (шашыранды без – кеуекті қабықта) және қабырғадан тыс бездер (оң, сол бүйір бөліктер, мойыншығы, денесі). Құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездергежатады. Без – дәнекер ұлпалық перделіктермен бөлінген бөлікшелерден тұрады. Без альвеолалары қабырғаларын бірқабатты безді эпителий құрайды. Олардан без сөлін алып шығатын өзекшелер бір-бірімен қосылып, несеп-жыныс өзегіне ашылатын негізгі без өзегін (көпқабатты ауыспалы эпителий астарлайды) түзеді. Без секреті шәуетпен бір мезгілде бөлініп, шәуеттің қышқылдық ортасын бейтараптандырып, сперматозоидтардың қимыл қозғалысын арттырады.
3.Баданаша без – несеп-жыныс өзегі жамбастық бөлігінің соңғы жағында орналасқан жұп без. Безді бадана-кеуекті бұлшық еті жоғарғы жағынан жауып тұрады. Без құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Без альвеолалары қабырғаларын бірқабатты призма тәрізді безді эпителий құрайды.
Енқап – құрсақ қабырғасы қабаттарынан дамып жетілген, пішіні дорба тәрізді ен орналасқан қуысты мүше. Енқаптың қуысы құрсақ қуысымен шап өзегінде орналасқан қынаптық өзек арқылы жалғасады. Қабырғасы үш қабықтан: ұмадан, сыртқы көтергіш бұлшық еттен және жалпы қынаптық қабықтан құралған. Ұма мен жалпы қынаптық қабық борпылдақ дәнеер ұлпасы арқылы байланысқан. Ұма екі қабаттан: сыртқы – теріден, ішкі етті-серпімді қабаттан (беткей шандыр, бірыңғай салалы ет ұлпасы) тұрады. Етті-серпімді қабаттың жалғасы – ұма пердесі енқап қуысын екіге бөлікке бөледі. Оларда жалпы қынаптық қабықпен (сыртқы - фиброзды қабат, ішкі - сірлі қабық -құрсақ қуысы іш пердесі қабырғалық жапырақшасының жалғасы) қапталған және сыртқы көтергіш бұлшық етпен (ішкі қиғаш бұлшық еттің жалғасы) арқауланған жұп ен орналасады. Сірлі қабықпен астарланған енқаптың қынаптық қуысында сірлі сұйық болады. Қынаптық қуыс – құрсақ қуысының енқаптағы жалғасы.
Жыныстық қатынас мүшесі (пенис) – кеуекті дене мен несеп-жыныс өзегінен құралған. Айғырда қаса, күйісті жануарлар мен қабанда қамшы, төбетте шүкі (түкі) – деп аталады. Ол жыныстық мүше түбірінен, денесінен, басынан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет