Сабақтың мақсаты: Алдыңғы аяқ артерияларының тамырландыру аумақтарын зерттеп, әртүрлі үй жануарларындағы ерекшеліктерді білу. Артериялар түрлерін бір-бірінен ажырату. Артериялар қабықтарын түзетін ұлпаларды білу. Артериола, капилляр, венулаларды бір-бірінен айыру. Артерияның құрылысы мен гемодинамиканың байланысын анықтау. Веналардың құрылысына байланысты түрлерін білу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар 1.Атластар, муляждар, әртүрлі жануарлардың өлекселік препараттары (қой,ит,мысық)
2.Түрлі –түсті кестелер
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары: 1-тапсырма. Қолтық артериясының тармақтарын түсінідірілген бойынша оқып шығып, сызбасын құрастырыңыз
1-кесте
Қолтық артериясының тармақтарын
Өрлеген тармақ
Төмендеген тармақ
2-тапсырма. Дорсальдік және пальмарлы тізе торының артерияларын муляждан тауып, әр түрлі жануарлардағы ерекшеліктерімен салыстырыңыз
2-кесте
Дорсальдік және пальмарлы тізе торының артериялары