Сабақтың мақсаты: Құрсақтың, құрсақ қуысы мүшелерінің қан тамырларымен танысу
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар
1.Атластар, муляждар, әртүрлі жануарлардың өлекселік препараттары (қой,ит,мысық)
2.Түрлі –түсті кестелер
Сабақтың мазмұны мен жүру жоспары:
Құрсақ қолқасы артерияларының тармақтары
құрсақ қолқасы (брюшная аорта) — aorta abdominalis — диафрагмадан кейінгі қолқаның жалғасы. құрсақ қолқасы омыртка бағанының төменгі бетінде, артқы (каудальды) қуыс венаның сол жағында орналасады. диафрагманың оң және сол аяқшаларының арасымен көкірек куысынан құрсақ қуысына өтіп, одан әрі жамбас қуысына жеткенге дейін, құрсақ қолқасынан: құрсақ қуысы қабырғасына париетальды артерия тармақтары, ал құрсақ куысындағы ішкі мүшелерге висцеральды артерия тармақтары бөлінеді.
Құрсақ қолкасының париетальды артерия тармақтары, құрсақ қолқасының висцеральды артерия тармақтары
Достарыңызбен бөлісу: |