Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
1. Тыныс алу мүшелерінің жалпы сипаттамасы және құрылыс заңдылықтары.
2. Тыныс алу аппараты мүшелерінің филогенезі және онтогенезі.
3. Тыныс жолдары мүшелерінің (мұрын қуысы мүшелерінің, аңқаның, көмекейдің, кеңірдектің, бронхтардың, бронхиоланың) құрылысы.
4. Өкпенің макро - және микроскопиылық құрылысы (өкпе газ алмасу бөлімі – альвеолалар тарамы).
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1-сұрақ. Тыныс алу аппараты (apparatus respiratorius) жануарлар организмінде сыртқы газ алмасу үдерісін іс жүзіне асырады. Аппарат ауадағы оттегтің қанға өтуін, керісінше, қандағы көмірқышқыл газдың ауаға шығарылуын қамтамасыз етеді. Бұнымен қатар, ол дененің қызуын және эндокриндік қызметті де реттеуге қатысады. Тыныс алу аппараты мүшелерінде иіс сезімі және дыбыс мүшелері орналасады. Қызметіне байланысты бұл аппарат екі бөлімнен: тыныс жолдары мүшелерінен және газ алмасу мүшесінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |