Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»


Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар



бет143/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:

  1. Құстар организмі туралы қысқаша сипаттама

  2. Тірек қимыл - аппараты.

  3. Қаңқасының құрылыс ерекшеліктері.

  4. Бұлшық ет жүйесі.

  5. Тері жабыны және тері туындылары.



Дәрістің қысқаша мазмұны:
1-сұрақ. Жануарлар әлемі ғылымы - зоологиялық жіктелу бойынша, құстар класы (Aves) – сүтқоректілер мен бауырымен жорғалаушылар кластарымен біріктіріліп, жануарлардың желілер (хордалылар) типі қағанақтылар (amniota), яғни ішкі ұрық қабығы – қағанағы (амнионы) толық жетілген жануарлардың амниоттар тобына жатқызылады. Амниоттар тобындағы жануарлар - құрлықта тіршілік етуге толық бейімделген. Себебі, біріншіден, бұл топқа жататын жануарлар филогенезінде (ұзақ тарихи дамуы барысында), ұрықтың эмбриондық дамуы кезеңінде (эмбриогенезінде), қағанақ (амнион) пен несепқабық (аллантоис) ұрық қабықтары жоғары деңгейде дамып жетіліп, аталған жануарлар ұрығының толық дамып жетілуіне қолайлы сулы орта қалыптасатын болса, екіншіден, қағанақтылар эмбриондарының осы аталған қолайлы ортада толық жетілуін қамтамасыз ететін тұрақты бүйректің дамуы болып табылады. Амниоттарда, ұрық жапырақшасы - мезодерма нефрогонадотомынан дамитын эмбриондық бүйрек – бірін-бірі кезегімен алмастыратын үш сатыдан, атап айтқанда: алғашқы бүйрек (пронефрос), аралық бүйрек (мезонефрос) және тұрақты бүйрек (метанефрос) сатыларынан өтеді. Ұрықтық дамудың барысында (эмбриогенезде), алдыңғы екі кезеңде дамып жетілетін ұрықтық бүйректер: пронефрос пен мезонефрос, олардың даму сатыларына сәйкес, біртіндеп ыдырап кетеді де, тұрақты бүйрек – метанефрос жетіледі. Бірақ, құстарда бұл бүйректердің шығару өзектері – ұрғашы және еркек құстардың жыныс жолдарына айналады. Ал, үшіншіден, құс эмбриондарының желбезек саңылаулары – ұрықтық даму кезеңдерінде, уақытша қызмет атқаратын мүшелер ретінде қалыптасады да, соңынан, желбезектік тыныс алу - өкпелік тыныс алумен алмасады. Денесінің сыртқы түрі мен құрылысы жағынан құстар – омыртқалы жануарлардың ішінде айрықша ерекшеленеді. Құстардың ұшуға бейімделуі - сүтқоректі жануарлардың дене құрылысымен салыстырғанда, бұлардың дене мүшелері құрылысында, біраз морфологиялық өзгерістірдің қалыптасуына ықпалын тигізді. Атап атқанда, құстар – басқа омыртқалы жануарларға тән емес, тек артқы аяқтарымен ғана жүреді және қонады. Бұлардың алдыңғы аяқтары – ауамен қалықтап ұшуға бейімделген қанаттарға айналған, ал тері жабыны – сыртынан, ұшуға ағымдық пішін беретін және құрылысы ерекше, тым жеңіл келген терінің туынды мүшесі – қауырсындармен қапталған.Құcтар – көкірек керегесінің құрылысына байланысты: қырлытөстілер (Ratidae) және жалпақтөстілер (Carinatae) болып екі топқа бөлінеді. Үй құстары – қырлытөсті құстардың екі отрядына: тауықтәрізділер (Galliformes) және қазтәрізділер (Anseriformes) отрядтарына жатады. Тауықтәрізділер отрядына: үй тауығы, күрке тауық және Мысыр тауығы (цесарка), ал қазтәрізділер отрядына: қаз бен үйрек жатады.Құстардың ата тектері де, сүтқоректі жануарлар сияқты, ертедегі бауырымен жорғалаушылар (рептилийлер). Құстардың дене құрылысында, рептилийлер мен сүтқоректілердің дене құрылыстарына ұқсас анатомиялық құрылымдар кездеседі. Атап айтқанда, құстар тері жабынында да, бауырымен жорғалаушылар тері жабынындағыдай, құйыршық безінен басқа тері бездері болмайды. Құстарда да, қабыршақтар, мүйізді тұмсық, мүйізді тырнақ және т.б. мүйізді тері туындылары жақсы жетілген. Бұларда да, рептилийлер сияқты, тік ішектің үш бөлімінен тұратын кеңейген соңғы бөлігі – саңғуыр (клоака) – деп аталады. Сондықтан, дене құрылысы белгілеріне байланысты, құстарды бауырымен жорғалаушы жануарлармен біріктіріп, кесіреткі тәрізділер (Sauropsida) тобына жатқызады.Сонымен қатар, құстар да, сүтқоректі жануарлар сияқты, жылықандыларға жатады және бұлардың дене құрылысында да, сүтқоректі жануарлармен ортақ көптеген морфологиялық ұқсастықтар болады. Бірақ, айта кету керек, құстардың ұшуға бейімделуі – бұлардаң дене мүшелері құрылысында, біраз құрылымдық өзгерістердің қалыптасуына ықпалын тигізді.
2-сұрақ. Құс қаңқасы (skeleton) да, бір-бірімен өзара белгілі заңдылықтырмен байланысқан сүйектер мен шеміршектердің жүйесі. Құс қаңқасы да, үй жануарларының қаңқасы сияқты, екі бөлімнен: біліктік қаңқадан және шеткі қаңқадан тұрады. Құстың біліктік қаңқасын – бас аумағынан құйрыққа қарай, омыртқа бағаны (columna vertebralis) бойымен өтетін құс денесі білігінде (осінде) орналасқан қаңқа сүйектері, яғни бас, мойын, тұлға және құйрық дене аумақтарының қаңқа сүйектері, ал шеткі қаңқаны – қанаттар мен аяқтар дене аумақтарының қаңқа сүйектері құрайды. Ұшуға бейімделуіне байланысты, құстардың қаңқа сүйектері жеңіл де, берік болып келеді. Себебі, құс қаңқа сүйектерінің көбінің қуыстарында, әсіресе, жіліктерінің қуыстарында ауа болады. Бұларды ауалы сүйектер (ossa pneumatici) – деп атайды. Құстар жасының ұлғаюына байланысты, олардың қаңқа сүйектерінің салыстырмалы массасы 2 есеге дейін азаяды. Мысалы, И.В. Хрусталева және т.б. (1982 ж.) мәліметі бойынша, 15 күндік балапандардың қаңқа сүйектерінің салмағы, олардың денесінің жалпы салмағымен салыстырғандағы массасы 17 – 18 % болса, сақа тауықтардың осындай көрсеткіштері 9 - 10 % - ға тең болады екен. Үй құстарының біліктік қаңқасы да, үй жануарларының біліктік қаңқасы сияқты, бас, мойын, тұлға және құйрық қаңқалары болып, төрт бөлімнен құралады.Қаңқа сүйектері байланыстарындағы кейбір ерекшеліктер.Бассүйектің (cranium) таңдай және қанатша сүйектері бір-бірімен өзара қозғалмалы байланысады. Қанатша сүйек – сынаша және таңдай сүйектерімен, ал таңдай сүйек - тұмсық сүйекпен бірбілікті буындар түзеді. Шаршы сүйек – төменгіжақ сүйекпен - шаршы-төменгіжақ буынын, самай сүйекпен - шаршы-қабыршақ буынын, бет сүйекпен – шаршы-бет буынын, ал қанатша сүйекпен - шаршы-қанатша буынын құрайды. Аталған буындардың барлығы да, құрылысы жағынан қарапайым, ал қызметі - бірбілікті буындар. Бассүйектің шүйде сүйегі – бірінші мойын омыртқамен – құрылысы қарапайым, көпбілікті шүйде-атлант буын, ал бірінші және екінші мойын омыртқалар өзара – құрылысы қарапайым, бірбілікті атлант-білік буынын құрайды. Қалған омыртқа бағаны омыртқаларының денелері өзара, шеміршек дискілермен синхондроз арқылы, сондай-ақ, ұзын байламдармен (дорсальды ұзынша байлам мен желке) және қысқа байламдармен (жотааралық және доғааралық байламдар) байланысады. Бұлармен қатар, құстардың жасына байланысты, көкірек омыртқаларының біраз бөлігі, бел және құйымшақ омыртқалар, сондай-ақ, құйрық омыртқаларының біраз бөлігі - синостоз арқылы байланысып, сүйектеніп кетеді. Қабыртқалардың омыртқалық бөліктері – көкірек омыртқалармен, қабыртқалар бастарының буындары мен қабыртқалар төмпегінің буындары арқылы, әр бір омыртқа әр бір қабыртқамен екі буын арқылы байланысады. Ал, қабыртқалардың төссүйектік бөліктері – төссүйекпен, төссүйектің қабыртқалық өсінділерімен буындар арқылы байланысады. Бұл буындардың барлығы да, құрылысы қарапайым буындар.Қанаттың қаңқа сүйектері – бір-бірімен қозғалмалы байланысып, төрт буын құрайды. Олар: иық буын – құрылысы қарапайым, көпбілікті буын; шынтақ буын – құрылысы қарапайым, бірбілікті буын; білезік буын – құрылысы күрделі, бірбілікті буын; тырнақ буындары – құрылысы қарапайым, бірбілікті буын. Қанат сүйектері – буындармен қатар, бір-бірімен өзара, талшықты-эластинді екі ұшу жарғағымен жалғаса байланысып жатады.Аяқтың қаңқа сүйектері де, бір-бірімен өзара қозғалмалы буынды байланысып, төмендегідей төрт буын құрайды: жамбас-ортан жілік буыны – құрылысы қарапайым, көпбілікті буын; тобық буыны – құрлысы күрделі, бірбілікті буын; тілерсек буыны – құрылысы күрделі, бірбілікті буын; тырнақ буындары – құрылысы қарапайым, бірілікті буындар.Құстың бұлшықеттер жүйесі - үй жануарлары бұлшықеттері жүйесіне ұқсас болып келеді. Ұшатын құстарда - төс бұлшықеттері мен қанат-иық белдеуінің бұлшықеттері, жерде жүретін құстарда – аяқтың жамбас белдеуі мен еркін қозғалатын бөлімінің бұлшықеттері жақсы жетілген. Тұлға бұлшықеттерінің ішінде, қанат пен аяқ бұлшықетерінен басқа, жақ, мойын және құйрық бұлшықеттері де, салыстырмалы жақсы дамыған. Бет бұлшықеттері болмайды. Құстар тістерінің болмауына қарамастан, үлкен шайнау, самай, қанатша және қосқұрсақты бұлшықеттер тым жақсы жетілген. Бұлар құс тұмсығының тұмсықүсті және тұмсықасты бөліктерін қозғалысқа келтірумен қатар, ауыздың ашылып-жабылуына әсер ете отырып, құстардың азықты қабылдауын қамтамасыз етеді. Сондықтан, аталған бұлшықеттерді шайнау бұлшықеттері – деп те, атайды. Бас аумағында, көзді қозғалысқа келтіретін көз алмасының бұлшықеттері, тілдің бұлшықеттері, сондай-ақ, басты мойынмен жалғастыратын бұлшықеттер жақсы жетілген.Құстың мойын аумағын қозғалысқа келтіретін ұзын-қысқа бұлшықеттер, атап айтқанда: жоталық, тымұзын, көпбөлімді, жотаөсінділераралық және көлденеңөсінділераралық бұлшықеттер - салыстырмалы анық байқалады. Көкірек керегесін кеңейтіп-тарылтатын тыныс алу бұлшықеттерінен жақсы жетілгендері: сыртқы және ішкі қабыртқааралық бұлшықеттер, қабыртқаларды көтергіш, көлденең көкірек, баспалдақты бұлшықеттер. Құстарда көкет (диафрагма) – сіңір қатпар ретінде, нашар жетілген және ол өкпенің төменгі жағында орналасады. Осыған байланысты, диафрагма – көкірек және құрсақ дене қуыстарын бір-бірінен толық оқшаулап бөле алмайды. Сондықтан, құстардағы бір-бірінен толық бөлінбеген көкірек және құрсақ қуыстарын біріктіріп, көкірек-құрсақ дене қуысы – деп атайды. Құрсақ қабырғаының бұлшықеттері - сүтқоректі жануарлар бұлшықеттеріне ұқсас. Бұл топқа: құрсақтың сыртқы қиғаш, құрсақтың ішкі қиғаш, құрсақтың тік және құрсақтың көлденең бұлшықеттері жатады. Бірақ бұлар - тым жұқа құрсақ бұлшықеттерінің қабаттарын құрайды. Қанат қаңқасы – құс тұлғасымен иық белдеуі бұлшықеттерінің көмегімен, синсаркоз арқылы жалғасқан. Бұлардың ішінде жақсы жетілгендері: трапеция тәрізді, ромбы тәрізді, үлкен және кіші тісше бұлшықеттер. Осы аталмыш бұлшықеттер – қанатты көкірек керегесіне байланыстырумен қатар, қанаттың жоғары-төмен түсуін, сөйтіп, қанат қағуды іс жүзіне асыру арқылы, құстың ұшуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, құс иық белдеуінің бұлшықеттері – құс денесі бұлшықеттерінің ішіндегі ең ірілерінің бірі болып саналады. Бұлардың ішіндегі ең ірісі – үлкен кеуде бұлшықеті. Құстардың көбінде, аталмыш бұлшықет массасының үлесіне – құс денесі бұлшықетінің 47% тиеді. Қанаттың қалған бұлшықеттері - ұршық сабы пішіндес, ұзын сіңірлі болып келеді де, құстардың жасына байланысты, бұлардың төменгі бөліктері, кейде, сүйектеніп те, кетеді. Аяқтың жамбас-ортан жілік буыны – құрылысы қарапайым, көпбілікті буынға жатады. Бұл буынға – қызметі жағынан әр түрлі бұлшықеттер топтары әсер етеді. Атап айтқанда: экстензорлар, флексорлар, аддукторлар, абдукторлар супинаторлар және пронаторлар бұлшықеттерінің тортары. Бұлардың ішіндегі ірі бұлшықеттерге: бөксе бұлшықеттері, алмұртша, жапқыш, мықын, жақындатқыш бұлшықеттер мен санның екібасты бұлшықеті, сондай-ақ, жартылайжарғақты, жартылайсіңірлі, сымбат, тігінші бұлшықеттері жатады.Құс терісі – денені сыртынан қаптап, организмді қоршаған ортадан оқшаулап бөліп, терідегі рецепторлардың көмегімен сыртқы ортамен тығыз байланыстырып тұрады. Орташа қалыңдығы 0,3 – 3,0 мм құс терісі – сүтқоректі жануарлар терісі сияқты, қабатты мүшеге жатады. Ол – сыртқы – эпидермистен, ортаңғы – дермадан және ішкі – жақсы жатілген шел қабатынан құралған. Ерекшеліктері: құс терісінде тер және май бездері болмайды. Тек, соңғы құйымшақ омыртқасының жоғарғы жағында ғана орналасып, май бөлетін - құйыршық безі (glandula uropygii) болады. Ол, әсіресе, суда тіршілік ететін құстарда жақсы дамығын. Құстарда тері түктерінің орнында қауырсындар жетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет