Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет21/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22
диплом слайд, 98897, Документ, Документ, phpmlfWcr broshyura-form-ocen, стикери, АлпысбайӘсел тарих рб2 (копия), Документ (2), 1 сынып Әлеуметтік паспорт дұрыс, 1 сынып Әлеуметтік паспорт дұрыс
Ұзын сүйектерге (оssa longa) аяқ қаңқаларының жіліктері және қабыртқалар жатады. Іші қуыс жіліктер түтікше сүйектерге, ал қабыртқалар – ұзын имек сүйектерге жатады. Жіліктердің тұлғаға жақын орналасқан жоғарғы басын – проксимальды эпифиз, төменгі басын – дистальды эпифиз, ал ортаңғы олардың денелерін – диафиз деп атайды.
Қысқа сүйектерге (оssa breva) тізе, тілерсек, қысқа бақай сүйектері, тиек сүйектер (сезам сүйектері) жатады. Бұлардың ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бір-бірімен шамалас болып келеді.
Жалпақ сүйектерге (оssa plana) жауырын, жамбас, бассүйектің жабынды жалпақ сүйектері, төссүйек жатады.
Аралас сүйектерге (ossa mixtum) омыртқалар, бассүйектің негіздік сүйектері (шүйде, сынаша және т.б. сүйектер) жатады. Бұларға қысқа және жалпақ сүйектерге тән қасиеттер ортақ болып келеді.
Ауалы сүйектерге (оssa pneumatica) бассүйектің жоғарғыжақ және маңдай сүйектері, құстардың жіліктері жатады. Бассүйектің аталған сүйектерінде ішкі беті кілегейлі қабықпен астарланған іші ауаға толған қойнаулар (қойнаулар қабынғанда гаймарит, фронтит аурулары өрбиді) болады. Ауалы сүйектер берік те жеңіл болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет