Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет265/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Құйрық бөлімі: аумақтары: құйрық түбірі, құйрық денесі, құйрық ұшы.
Алдыңғы және артқы аяқтар: белдеу бөлімінен (алдыңғы аяқта – иық белдеу, артқы аяқта – жамбас белдеу) және аяқтардың еркін қозғалатын бөлімінен құралған. Еркін қозғалатын бөлім өз кезегінде: проксимальды (алдыңғы аяқта – тоқпан жілік, артқы аяқта - сан), ортаңғы (алдыңғя аяқта – білек, артқы аяқта - сирақ) және дистальды (алдыңғы аяқта – алдыңғы аяяқбасы, артқы аяқта – артқы аяқбасы) бөліктерден тұрады.
Дене білігіне параллельді фронтальды жазықтық жүргізеге болады. Бұл жазықтықтың жоғарғы жағында арқа (дорсум), төменгі жағында құрсақ (вентрум) орналасады. Дорсальды бағыт, вентральды бағыт.
Дененің бас аумағында қолданылатын терминдер: оральды (ауыз), назальды (мұрын) немесе ростральды (танау) бағыттар.
Аяқтарда қолданылатын терминдер: проксимальды ( лат. proximus - жақын тұлғаға) және дистальды ( лат. distalus –алыс тұлғадан) ұштары, аяқтардың беттері: алдыңғы және артқы аяқтардың беттері – дорсальды беттер, сыртқы беттері – латеральды беттер, ішкі беттері – медиальды беттер, алдыңғы аяқтың артқы беті – пальмарлы (лат. palma - алақан) немесе волярлы (лат. vola алақан) беті, артқы аяқтың артқы беті – плантарлы (лат. planta - табан) беті.
2 - сұрақ. Тірі организмге тән биологиялық қасиеттерге: метаболизм (зат алмасу), тітіркенгіштік, көбею, даму, өсу, қимыл сияқты тіршілік белгілері жатады. Жануарлар организмі онтогенезінің қозғаушы күші – қарама-қарсылықтар. Оларға: метаболизмдегі: анаболизм (түзілу процесі, яғни пластикалық алмасу) мен катаболизм (ыдырау процесі, яғни қуаттық алмасу), ыдырап жойылу мен жаңадан түзілген құрылымдардың өзара бір-біріне әсері (аналық жасушадан бөліну арқылы жаңа жас жасушалардың пайда болуы), регрессивті және прогресивті процестердің бір-біріне өзара әсері (ыдыраған шеміршек ұлпасының орнында сүйек ұлпасының түзілу процесі) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет