Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»


Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар



бет275/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
1. Қаңқа сүйектерінің байланыс түрлері, олардың жалпы сипаттамасы. Сүйектердің тұтаса байланысының түрлері.
2. Буынды байланыстың құрылысы және түрлері.
3. Біліктік және шеткі қаңқа сүйектерінің байланыс ерекшеліктері.
4. Сүйектер байланысының дамуы.
Дәрістің мазмұны:
1-сұрақ. Қаңқа сүйектерінің байланыс түрлерін зерттейтін морфология ілімінің саласын syndesmologia (грек. syn – байланыс, desmos - дәнекер, logos - ілім) деп атайды. Сүйектер байланысы (Juncturae ossium, s. Articulationеs) – қаңқа сүйектерінің бір-бірімен өзара белгілі заңдылықпен байланысып, сүйектер жүйесінің денедегі қимыл, тіректік, қорғаныс қызметтерін атқаруын қамтамасыз етеді. Организмдегі атқаратын қызметіне байланысты қаңқа сүйектері бір-бірімен түрліше байланысады. Негізінен қаңқа сүйектері байланысының екі түрі болады. Олар: сүйектердің тұтаса байланысы (synarthrosis) және сүйектердің қозғалмалы байланысы немесе буынды байланыс (diarthrosis). Қаңқа сүйектері бір-бірімен түрлі ұлпалар арқылы өзара тұтаса байланысады, яғни байланысқан сүйектер аралықтарында қуыс қалмайды. Қаңқа сүйектері тұтаса байланысының жануаралар организмдерінде, оларды байланыстыратын ұлпаларға байланысты бес түрі ажыратылады. Олар:
1. synsarcosis – қаңқа сүйектерінің бұлшықеттер арқылы байланысы (жауырынның тұлғаның көкірек керегесімен байланысы);
2. synelastosis – қаңқа сүйектерінің серпімді талшықты дәнекер ұлпасы (эластинді ұлпа) арқылы байланысы (бассүйек шүйде сүйегінің мойын және көкірек омыртқаларымен желке және омыртқалараралық эластинді байламдар арқылы арқылы);
3. syndesmosis - қаңқа сүйектерінің дәнекер ұлпасы арқылы байланысы. Синдесмоз өз кезегінде дәнекер ұлпалық аралықтың құрылысына байланысты үш түрге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет