Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет364/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Дәрістің қысқаша мазмұны:
1-сұрақ. Тамырлар немесе жүрек-тамырлар жүйесі жануарлар организміндегі жасушалық және ұлпалық деңкейдегі зат алмасуды, гуморальдық реттелуді, дене қызуының реттелуін қамтамасыз етеді, қорғаныс қызметін атқарады. Тамырлар жүйесін зерттейтін ілім ангиология деп аталады. Тамырлар жүйесі - құрылысы мен қызметі бір-бірімен тығыз байланысты, шығу тегі біртекті үш жүйеден: қан айналым, лимфа айналым және қанжасау, иммундық қорғаныс қорғаныс мүшелері жүйелерінен тұрады.
2 – сұрақ. Филогенез. 1. Біржасушалы қарапайымдарда – тамырлар жүйесі болмайды (зат алмасу үдерісі сулы ортада жүреді).
2. Көпжасушалы қарапайым жәндіктерде – тереңде орналасқан дене жасушалары аралықтарында тамырлар арналары дамып жетіледі де, зат алмасу процесі барлық дене жасушаларында бір деңгейде жүреді.
3. Күрделі көпжасушалы жануарларда – арнайы тамырлар жүйесі жетіледі (тамырлар бірқабат жұқа эндотелиймен астарланады), тамырлар жүйесі қоршаған сыртқы сұйық ортамен қатынасын үзеді, организмдегі зат алмасу процесін тамырлар қуысы арқылы үздіксіз қозғалыста болатын қан тәріздес ұлпа сұйығы іс жүзіне асырады. Қарапайым тамырлар дененің еекше қуысына ашылады, яғни тұйықталмаған тамырлар жүйесі жетіледі (буынаяқтыларда). Бұларда арқаның бойымен өтетін қан тамыры қабырғасының бір бөлігінде ет ұлпасы жетіліп, ол жүрек тәрізді толқынды жиырыла бастайды.
4. Төменгі сатыдағы құрттарда – тамырлар арналарының ұштары бір-бірімен жалғасып, тұйықталған тамырлар жүйесі дамиды. Бұлардың денесінде бір арқа және екі құрсақ тамырлары жетіледі. Организмнің бас бөлігіне қан арқа тамырының жиырылуы арқылы жеткізіледі. Дене сегменттерінде олар өзара метамерлік тамырлар арқылы жалғасып жатады.
5. Қарапайым хордалыларда (қандауырша) – қан айналым жүйесін желбезек саңлауларындағы тарамдалған майда қан тамырлары арқылы жалғасқан арқа және құрсақ қолқалары құрайды. Қан жасушалары болмайды. Жүректің қызметін жұтқыншақ астында жатқан құрсақ қолқасының етті бөлігі атқарады. Қандауырша денесінің артқы бөлімінде құрсақ қолқасы кеңейіп, вена қойнауын түзеді. Бұған алдыңғы мойындырық венасы және артқы кардинальды вена ашылады. Ішкі мүшелерден басталған вена тамырлары бауыр арқылы өтіп, бауыр венасын құрайды. Ол вена қойнауына ашылады.
6. Балықтарда – желбезек пен дене мүшелеріндегі капиллярлар торларының жетілуі қанның қозғалысын қиындатып, жүректің жетілуіне ықпалын тигізеді. Бұлардың жүрегі төрт бөлімнен: вена қойнауынан, жүрекшеден, қарыншадан және артерия бағанынан тұрады. Оларды қақпақшалар бөліп тұрады. Вена қойнауына қан - жалпы кардинальды вена және бауыр венасы арқылы келеді. Артерия бағаны желбезек артерияларына жалғасады. Балықтарда жүрек арқылы тек вена қаны ағып өтеді.
7. Құрлықтағы жануарларда газ алмасу мүшесі - өкпе дамып жетіледі де, вена қойнауы жүрекшемен бірігіп кетеді, ал артерия бағаны қолқа мен өкпе артериясына ажырап кетеді. Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушыларда – жүрек үш бөлімнен (перде арқылы бөлінген оң және сол жүрекшелері және бір қарыншасы болады). Құстар мен сүтқоректі жануарларда жүрек төрт бөлімнен (оң, сол жүрекшеден және оң, сол қарыншадан) тұрады. Балықтардың желбезек артерияларынан қолқа доғасы мен ұйқы артериялары дамиды. Ішкі ұйқы артериясы желбезек артериясының 3- жұбынан, өкпе артериясының бағаны – оның 4- жұбынан, қолқа доғасы – 6- жұбынан (бауырымен жорғалаушыларда – оң және сол; құстарда – оң; сүтқоректілерде - сол) дамып жетіледі.
Онтогенезде – филогенезде қамтылған негізгі сатылар қайталанады. Қан тамырлары негізінен мезенхима жасушаларынан (ангиобласттар, яғни қуысты аралшықтар жетіледі, қуысындағы мезенхима жасушаларынан – қан жасушалары, ал қабырғаларын құрайтын жасушалардан – эндотелий дамиды) қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет