Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет361/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Дәрістің тақырыбы: Ұрғашы жануарлар көбею мүшелер жүйелері


Дәрістің мақсаты: Студенттерді ұрғашы жануарлар көбею мүшелерінің даму процестерімен, макро – және микроскопиялық құрылыстарымен, жануарлардың түрлеріне байланысты олардың құрылыстарындағы ерекшеліктермен таныстыру.
Түйінді сөздер: жатыр, жатыр түтігі, жұмыртқалық.
Иллюстрация – жатыр, жатыр түтігі, жұмыртқалықтың анатомиялық және гистологиялық құрылысы (таблицалар, слайдтар).


Дәрісте қамтылатын негізгі сұрақтар:
1. Ұрғашы жануарлар көбею мүшелерінің құрылыс заңдылықтары.
2. Жұмыртқалықтың құрылысы, топографиясы және жануарлардың түрлеріне байланысты олардағы ерекшеліктер.
3. Ұрғашы жануарлар жыныс жолдарының (жатыр түтігі, жатыр, қынап, несеп-жыныс кіреберісі, сыртқы жыныс мүшесі) құрылысы.


Дәрістің қысқаша мазмұны:
1-сұрақ. Ұрғашы жануарлар көбею мүшелері екі бөлімнен тұрады: жыныс безі – жұмыртқалық және жыныс жолдары. Жұмыртқалық – құрылысы жағынан қомақты паренхималы мүше (паренхима, строма), жыныс жолдары – түтікше мүшелер (қабырғалары үш қабықтан: кілегейлі, етті, сірлі немесе адвентиция.
2 – сұрақ. Жұмыртқалық – аналық жыныс жасушалары (овоциттер) дамып, пісіп жетілетін және аналық жыныс гормондары бөлінетін, пішіні сопақша келген жұп паренхималы қомақты мүше. Ол үй жануарларында мезогастрий бел аумағының жамбас қуысына кіреберісінде, шажырқайға ілініп тұрады. Шажырқай арқылы жұмыртқалыққа қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді.
Оның түтіктік ұшына жатыр түтігінің құйғышы (воронка), ал жатырлық ұшына өзіндік жұмыртқа байламы арқылы жатыр мүйізі байланысады. Жұмыртқалық – екі қабықпен: сыртынан бастама эпителиймен (бірқабатты текше тәрізді) және оның астындағы ақ қабықпен (тығыз дәнекер ұлпасы) қапталған. Жарып қарағанда жұмыртқалық бір-бірінен анық ажырап көрінетін екі аймақтан: фолликулалы және тамырлы аймақтардан тұрады. Фолликулалы аймақта – овогенез процесі жүреді, ал тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықты қоректендіретін қан, лимфа тасырлары мен жүйкелер өтеді. Фолликулалы аймақта түрлі даму сатысындағы жыныс жасушаларының фолликулдары (фолликулалы жасушалармен қапталған овоциттер) орналасады:
Алғашқы (примордиальды) фолликулдар (бірқабатты фолликулалы жасушалармен қапталған жетілмеген жас овоцит) – фолликулалы аймақтың шеткі жағында топтасып жатады;
Өсуші фолликулдар - фолликулалы аймақтың ортасына қарай орналасқан ірі фолликулдар. Жұмыртқа жасушасы цитоплазмасында сарыуыз жинақталып, фолликулдардың көлемі ұлғаяды. Овоциттерден мөлдір негіздік жарғақ (шыныша жарғақ) арқылы бөлінген фолликулалы қабық – фолликулдардың мөлшеріне байланысты бірқабатты жалпақ жасушалардан бірқабатты текше тәрізді, бірқабатты призма тәрізді жасушаларға, одан әрі ұлғайған сайын – көпқабатты жасушаларға айналады. Фолликул қабығының сыртындағы жұмыртқалық стромасынан (борпылдақ дәнекер ұлпасы) ішкі - тамырлы қабық және сыртқы - талшықты (фиброзды) қабық (фолликул текасы) түзіледі. Кейіннен фолликул жасушалары аралықтарында осы жасушалардың сұйық өнімдеріне толған қуыстар пайда болады. Олар бір-бірімен қосылып, фолликул қуысына айналады да, мөлшері тым ірі көпіршікті фолликул түзіледі. Жұмыртқа жасушасы көпіршікті фолликул қуысының бір жағындағы пішіні призма тәрізді бір қабат фолликул жасушаларымен қапталған жұмыртқа төбешігінде орналасады. Жұмыртқа жасушасын сыртындағы бір қабат фолликул жасушаларымен біріктіріп, «сәулелі тәж» деп атайды. Жарылуға дайын тым ірі көпіршікті фолликул - жұмыртқалықтың сыртқы бетіне жақын орналасады да, жетілген фолликул (Грааф көпіршігі) деп аталады. Қабырғасы төрт қабаттан тұрады. Олар: ішінен сыртына қарай – фолликулалы қабат, шыныша жарғақ, тамырлы қабат, талшықты қабат. Фолликул қабатының жасушалары фолликул қуысындағы фолликул сұйығына эстроген гормонын бөледі. Гипофиздің ЛГ гормонының әсерінен жетілген фолликул жарылады да, даму сатысындағы жұмыртқа жасушасы фолликул сұйығымен бірге жатыр түтігі құйғышына құйылады. Процесс овуляция деп аталады. Аденогипофиздің лактотропты гормоны әсерінен жарылған көпіршік орнында сары дене өсіп жетіледі. Жасушалары лютеоциттер деп аталады. Фолликул текасы жасушаларынан текалютеоциттер жетіледі. Аталған жасушалар прогестерон гормонын бөледі. Фолликулдардың көбі толық жетілмей, кері ыдырап, ыдырама (атреттік) денеге айналады.
Сары дененің түрлері: 1. Буаздық сары дене, 2. Жыныстық айналым сары денесі (кері ыдырап, ақ денеге айналады), 3. Дерттік (патологиялық) сары дене.
Фолликулдарың, сары, ақ ыдырама денелердің аралықтарында қоректендіруші қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтетін борпылдақ дәнекер ұлпасы (строма) болады.
Жұмыртқалықтың тамырлы аймағы арқылы аналық жыныс безін қоректендіретін ірі қан және лимфа тамырлары мен қызметін реттейтін жүйкелер өтеді. Осы аймақтың стромасында эпителий жасушаларына ұқсас интерстициальды жасушалар (интерстициоциттер) топтасып әр жерде орналасады. Бұл жасушалар да эстроген гормонын бөліп, екінші жыныстық белгілердің дамуына ықпалын тигізеді.
Барлық жануралар жұмыртқалығында фолликулалы аймақ аналық жыныс безінің сыртқы жағында, ал тамырлы аймақ оның ішкі жағында орналасады. Тек биеде ғана аталмыш амақтар керісінше орналасады. Бие жұмыртқалығында овуляция процесі бастама эпителиймен қапталған вентральды жұмыртқа шұңқырында жүреді.
3 – сұрақ. Жатыр түтігі (жұмыртқа жолы) – жатырға ашылатын иректелген жіңішке түтікше мүше. Оның жұмыртқалық жағындағы кеңейіп басталатын ұшын жатыр түтігінің құйғышы, ал құйғыштың шеткі шашақталған жиегін түтік салпыншағы деп атайды. Қабырғасы үш қабықтан: кілегейлі қабық (екі қабаттан: бірқабатты кірпікшелі эпителий қабаты – призма тәрізді кірпікшелі эпителиоциттер, текше тәрізді кірпікшесіз эпителиоциттер – секрет бөледі, өзіндік тақташа қабаты – Б.Д.Ұ., жекеленген миоциттер болады), етті қабық (ішкі сақинаша, сыртқы ұзынша) және сірлі қабық.
Жатыр – плаценталы сүтқоректі жануарларда ұрық толық дамып жетілетін түтікше мүше. Үй жануарларында жатыр – қосмүйізді жатыр. Ол жатыр мүйізінен, жатыр денесінен және жатыр мойнынан тұрады. Қабырғасы үш қабықтан тұрады: эндометриум, миометриум, периметриум. Жатыр мүйізі мен жатыр денесінің кілегейлі қабығында кілегей бөлетін жатыр бездері болады. Жатырдың жалпақ баламын периметриум түзеді.
Сиыр, қой мен ешкіде жатыры кілегейлі қабығында 10-14 – тен төрт қатарда жатыр сүйелшелері (карункулалар) болады.
Мегежін жатыр мүйізінің ұзындығы 140 – 150 см, жатыр денесінің – 5 см, жатыр мойнының – 15 см.
Қаншық жатырының денесі оның мүйізінен 4 – 5 есе қысқа.
Қынап – жыныстық қатынас және төлдің туу процесін қамтамасыз ететін түтікше мүше. Қабырғасы үш қабықтантұрады: кілегейлі (көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған), етті (сақинаша, ұзынша), сірлі қабық және адвентиция.
Несеп-жыныс кіреберісі – қабырғасының құрылысы қынапқа ұқсас. Етті қабығын сыртынан кіреберістік қысқыш бұлшық ет сақина тәріздес қаптап жатады.
Сыртқы жыныс мүшесі (жыныс ернеулері) – жоғарғы және төменгі жағынан дорсальды және вентральды бітістермен (комиссура) байланысқан. Олардың негізін жыныс саңлауының қысқыш еті құрайды.
Клитор (тылақ) – жыныстық қатынас мүшесі (пенис) сияқты нашар жетілген үңгірқуысты мүше. Ол екі клитор аяқшаларынан, клитор денесінен, клитор төбесінен тұрады. Клитор аяқшалары шонданай төмпегіне бекиді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет