Білім беру бағдарламасына арналған Zhка 1210 «жануарлар және қҰстар анатомиясы»



бет51/502
Дата16.04.2022
өлшемі0,97 Mb.
#139616
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   502
Байланысты:
umkd vm anatomiya kaz 21-22

Теріасты қабаты немесе шел қабаты (tela subcutanea) – тері дермасынның торлы қабатын жануарлар денесінің беткей шандырымен байланыстырып тұратын терінің төменгі қабаты. Шел қабатын борпылдақ дәнекер ұлпасы құрайды. Қоңды малдардың шел қабатында май қабаты қор ретінде жиналады.
Теріні жұлын мен мидан келетін сомалық афферентті және эфферентті жүйкелер, тері тамырлары мен түк көтергіш бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттерін вегетативті жүйке жүйесінің жүйкелері жүйкелендіреді.
3 – сұрақ. Жануарлар онтогенезінде: тері эпидермисі эктодермадан, дерма дорсальды мезодерманың дерматомынан, шел қабаты – мезенхимадан дамиды. Іштөлінің алғашқы сатыларында жалпы жабын жұқа тері ретінде қалыптасып, тері эпидермисі тек бір қабат эпидермоциттерден ғана тұрады да, қалған қабаттары жоғарыда аталған ұрық жапырақшаларынан жетіле бастайды. Іштөлі организмі өсіп, оның құрылысы күрделенген сайын, тері эпидермисі көпқабатты эпителий ұлпасына айналып, тері қабаттарымен қатар, терінің туынды мүшелері де (тері түктері, тері бездері, тұяқ, майтабан, мүйізді тырнақ және т.б.) дамып, олардың құрылысы да күрделене байтайды. Тері жабынының қалыптасу процесі жануарлар іштөлдерінде: құрсақтағы құлын мен бұзауда 4,5 ай, қозы мен лақта 2,5 – 3,5 ай, торайда – 2 ай ішінде аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   502




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет