Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет23/34
Дата14.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#174494
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Тапсырмалар:
1. Зат, өсімдік, жануар атауы болатын біріккен сөздерді жазыңыз.
Үлгі: жанартау, қойбүлдірген, ақбөкен т.б.
2. Жинақтылық я жалпылық мағына беретін қос сөздерді жазыңыз.
Үлгі: кәрі-құртаң, көйлек-көншек, тау-тас т.б.
3. Келтірілген мысалдардағы вариант түрлерін анықтаңыз.
Ажуа – әжуа, даукес – даугер – дауқой, боз – бозаң – бозшөп, қызыл бұрыш – лазы, ботагөз – ботакөз, тырысқақ – тырыспа, қоңыр – қоңырлық – қоңырбас – қоңырот, тырысқақ – қырықбуын, шырғанақ – маймылжиде – сауысқанның тамағы, бірдеңе – бірдеме, даяр – дайын, інжу – інжугүл, ештеме – ештеңе – ештеңке, шаққыш – шақпа – шағар, еркек – еркекшөп, қарбыз – дарбыз, диірмен – тиірмен, бәле – пәле, жүзген – дүзген, сөйтіп – сүйтіп, жанбады – жамбады, шай – шәй, өрік – өрүк, жүреді – жүред, саудагер – сәудегер, айқай – айғай, балуан – палуан, қазір – кәзір, қане – кәне, рақмет – рахмет.
4. Берілген сөздердің синонимдерін жазыңыз.
Үлгі: ұсақ – ұнтақ, уақ, майда.
Мықты, зұлымдық, кір, аласа, жау, қарт, сұлу, зәулім, бет.
5. Көп нүктенің орнына тиісті антонимдерді қойып, мақал-мәтелдердің мазмұнын айтыңыз.
Көз – қорқақ, қол – ... . Өтірік – қаңбақ, ... – салмақ. Қорлық өмірден ерлік ... артық. Көп ақымақтың ағасы болғанша, Бір ... інісі бол. Ащы менен ... татқан білер, Алыс пенен ... жортқан білер. Аларманға алтау аз, ... бесеу көп. Есектің еті арам, күші ... . Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады, ... шықсаң, алдыңнан ... шығады. Жақсы болар жігіттің, Жұмыссыз жүрген күні жоқ. ... болар жігіттің, Еш жұмысқа қыры жоқ. Жылап айтқан шынға нанбайды, ... айтқан ... нанады. Білім арзан, білу ... . Басы таудай, ... қылдай. Шын ғалымнан ... туар. Ақырын айтсаң, көнбейді, ... айтсаң, ренжиді. Ер жігіттің қадірін ағайын білмес, ... білер. Екі жарты – бір ... . Сабыр – күн түсірмейтін сая, ... аунатып кететін мая. Жасықтың ... де асылдың ... артық.
6. Төмендегі омонимдерден әр түрлі мағынасына қарай мысал жазыңыз.
Қас, жау, қыс, от, жаз, жалын, сал, жай, түс, ер, қой, аяқ, бұл, жар, жас, қорық, айт, ана.
7. Эвфемизмдерді мағыналарына қарай топтап жазыңыз.
а) Ауру аттары:
ә) Дөрекі сөздер:
б) Жарымжан, мүгедек адамның кемшін тұстары:
в) Қолайсыз, жағымсыз сөздер:
г) Үйленуге, күйеуге шығуға байланысты сөздер:
Жаман ауру, үлкен дәрет, дімкәс, ұзын құлақ, қолына құс қондыру, өкпе ауруы, нәжіс, құлағының мүкісі бар, жаяу пошта, отау тігу, сымсыз телефон, үйлі-баранды болу, аузы жеңіл, тұрмыс құру, қосып айтқыш, тұрмысқа шығу, қолының жымқырмасы бар, қызу, қайтыс болды, көз жұмды.
8. Ескі наным-сенім бойынша және әдет-ғұрып, салт-дәстүр бойынша жасалған табуларды бөліп жазыңыз және олардың мәнін түсіндіріңіз.
Итқұс, еркежан, серекқұлақ, сылқым жігіт, қарақұлақ, момын қайынаға, терісазу, шырақ, жасыл, ерке қыз, әулие, мырза жігіт, арақұлақ, көкесі, ұлыма, әкесі, қамшы, төрем, ұзын құрт, кекілдім, кенжем, жаман, ат байлар.
9. Берілген сөздерді перифразға айналдырыңыз.
Мақта, түйе, Жамбыл, газ, Күләш, Алматы, әл-фараби, көмір.
4. Берілген плеоназмдардың сыңарын табыңыз.
Айдын ..., кең ..., қырмызы ..., зәулім ..., кіршіксіз ..., жайдары ..., құр ..., ақ ..., қас ..., жасаған ..., қыршын ..., пәни ... .
10. Берілген сөздерді калькалау тәсілі арқылы аударыңыз және олардың калькалаудың қай түріне жататынын анықтаңыз.
Учебник, рукопись, приходить к выводу, трудодень, взаимозависимость, зритель, треугольник, морская капуста, языкознание, морковник.
11. Ағылшын халқының, неміс халқының, орыс халқының, Орта Азия мен Таяу Шығыс халықтарының, қазақ халқының этнографизмдерін бөлек-бөлек жазыңыз.
Сэр, граф, мадам, князь, сұлтан, хан, мистер, барон, леди, франк, паранжа, батыр, фунт, шайхана, жайлау, стрелинг, қымыз, шериф.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет