Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет26/34
Дата14.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#174494
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Тапсырмалар:
1. Лексикалану құбылысына мысал бола алатын төменде берілген барыс септігі қосымшысының көнеленуі арқылы жасалған туынды үстеулерді, жатыс септігі жалғауының, шығыс септігі жалғауының, көмектес септігі жалғауының тікелей грамматикалық қызметтерінің көмескіленуі арқылы жасалған сөздерді және екі сөздің қосарлануы арқылы бір бүтін мағынаны білдіретін сөздерді бөлек-бөлек жазыңыз.
Зорға, кейде, жүресінен, шынымен, ауру-кінәрат, текке, жаңада, етпетінен, жайымен, ойын-сауық, кешке, әлгіде, шалқасынан, ретімен, құрал-сайман, бекерге, күнде, төтеден, қару-жарақ, бірге, қапыда, кеңінен, бұйым-жиһаз, қапелімде, қырынан, лезде, ежелден, кенеттен, тосыннан.
2. Этимологиялық сөздіксіз-ақ анықтауға болатын 10 сөздің төркінін жазыңыз.
3. Берілген сөздердің қандай сөздіктерге мысал бол алатынын анықтаңыз.
1) Қара сын. Түс, бояу.
2) ауыл
аулы
3) абысын
абысыңға
абысыммен
4) Ауыз-мұрны қисаймай. Бет-аузы бүлк етпей, ұялмай, шімірікпей.
5) Жуас, момын, момақан, бұйығы, жасық.
6) Бада (Қ.-Орда: Шиелі, Сыр, Алм., Шым.: Шәу.). Бағудағы бір топ мал.
7) Бобр – құндыз
4. Сөздік түзуші ретінде берілген сөздердің мағынасын ашып көріңіз.
1) Түсіндірме сөздік: алма
2) Диалектологиялық сөздік: нән
3) Салыстырмалы сөздік: жүдә – өзбек сөзі
4) Этимологиялық сөздік: бүгін
5) Синонимдер сөздігі: істеу
6) Фразеологиялық сөздік: ат үсті
7) Аударма сөздік: сабақ
8) Терминологиялық сөздік: сөзжасам
9) Шет тілдер сөздерінің сөздігі: орфография – грек сөзі
Блиц-тест:
1. Лексикалану дегеніміз не?
А) Белгілі бір тілдік бірліктердің дербес мағынада жұмсала келіп, жеке атауыш сөзге айналуы;
В) Белгілі бір дыбыстық бірліктердің дербес мағынада жұмсала келіп, жеке атауыш сөзге айналуы;
С) Сөздің дерексіз мағынада жұмсала келіп, жеке есімге ие болуы;
Д) Сөздік тұрғаның нақты мағынада жұмсала келіп, деректі сөзге айналуы;
Е) Сөз тіркесінің күрделі сөзге айналуы.
2. Этимология дегеніміз не?
А) Сөздік жасаудың теориясы мен ұстанымдары, сөздік жасау ісі мен тәжірибесі;
В) Тіл білімінің сөздер мен сөздік тұлғалардың шығу тегін, төркінін, даму тарихын зерттейтін саласы;
С) Сөз туралы ілім;
Д) Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы;
Е) Тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін тіл білімінің саласы.
3. Сөздік дегеніміз не?
А) Әліпби тәртібімен орналасқан сөздердің жалпы тізімі;
В) Сөз тіркестерін жинап, жүйелеп беру;
С) Белгілі бір тілдегі аудармалардың жиынтығын көрсететін анықтамалық құрал;
Д) Белгілі бір тілдегі сөздердің немесе сөздер тобының жиынтығын көрсететін анықтамалық құрал;
Е) Тұрақты тіркестердің жүйеленіп, әліпби тәртібімен берілуі.
4. Сөздіктердің мақсаты мен міндеті не?
А) Сөздіктердің типтерін, жасалу ұстанымдарын, құрылымын анықтау;
В) Әр түрлі сөздіктердің мақсаттары мен міндеттерін көрсету;
С) Тіліміздің сөз байлығын түгел жинап, оларды ретке келтіру, сөздікке ендіру; сөйтіп әрбір сөзге, әрбір тұрақты тіркеске тілдік тұрғыдан жан-жақты сипаттама беру;
Д) Сөздерді әліпби бойынша тізіп шығу;
Е) Сөздерді мағыналары жағынан түсіндіріп шығу.
5. Лексикография дегеніміз не?
А) Сөздің лексикалық мағынасын, оның ұғыммен қарым-қатынасын, оның грамматикалық мағынадан өзгешелігін және сөздердің тура және ауыспалы мағынаға ие болу мүмкіндіктерін зерттейтін тіл білімінің саласы;
В) Сөздің сөздер жүйесіндегі алатын орнын, қолданылу қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісі мен сан қилы сипаттарын зерттейтін тіл білімінің саласы;
С) Сөздік жасаудың теориясы мен ұстанымдары, сөздік жасау ісі мен тәжірбесі;
Д) Сөздер мен сөздік тұрғалардың шығу тегін, төркінін, даму тарихын зерттейтін тіл білімінің саласы;
Е) Тұрақты тіркестерді, олардың жасалу жолдарын, түрлерін зерттейтін тіл білімінің саласы.
6. Сөздіктер сипатталу мазмұнына қарай қалай бөлінеді?
А) Орфогрфиялық сөздік, орфоэпиялық сөздік, этимологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, омонимдер сөздігі, антонимдер сөздігі т.б.;
В) Түсіндірмелі сөздік, аударма сөздік, энциклопедиялық сөздік т.б.;
С) Терминдік сөздік, жергілікті сөздердің сөздігі, көне сөздердің сөздігі, жаңа сөздердің сөздігі, қысқарған сөздердің сөздігі, шет тілдері сөздерінің сөздігі, кісі аттарының сөздігі, жер-су аттарының сөздігі, жазушы тілінің сөздігі т.б.;
Д) Морфологиялық сөздік, сөз тіркестерінің сөздігі, фразеологиялық сөздік т.б.;
Е) Әліпбилік сөздік, идеографиялық сөздік, жиілік сөздік, кері сөздік т.б.
7. Лексикография өз ішінде қандай салаларға бөлінеді?
А) Ғылыми лексикография, қарапайым лексикография;
В) Нақты лексикография, жалпы лексикография;
С) Ұлттық лексикография, шет тілдік лексикография;
Д) Теориялық лексикография, тәжірибелік лексикография;
Е) Отандық лексикография және шетелдік лексикография.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет