Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет17/34
Дата14.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#174494
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Глоссарий:
Қолданылу өрісі тар (шектеулі) сөздерге: діни сөздер, кәсіби сөздер және термин сөздер жатады.
Діни сөздер – дінге, діни ұғымдарға қатысты сөздер.
Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа (бау-бақша, мақта, темекі, аң, ара, балық т.б.), кәсіпке (зергерлік, тоқымашылық, ұсталық, етікшілік т.б.) қатысты сөздер.
Термин сөздер – ғылыми ұғымды атау үшін арнайы қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері.
Терминдердің өздеріне тән ерекшеліктері: нақтылы ғылыми ұғымның атаулары; тек ғылыми жүйеде ғана термин бола алады (яғни әр ғылым салаларының өз терминдер жүйесі болады); тек тура мағынада ғана жұмсалына алады; бейнелілік, образдылық, стильдік реңк, ауыс мағына дегендер болмайды.
Әдеби сөздерге жалпыхалықтық сөздер мен жағымды, сыпайы (дөрекі емес) мәнді сөздер, стильдік жағынан сараланған сөздер жатады.
Варваризмдер – бөтен тілдің сөздері.
Бейтарап сөздер – ешқандай стильге қатысты болмай, жалпы түрде, барлық стильдерге ортақ қолданылатын сөздер тобы.
Жалпыхалықтық сөздер – күнделікті тұрмысқа ең қажетті және көп қолданылатын, елдің бәріне бірдей түсінікті сөздер.
Жаңа сөздер – белгілі бір жаңа заттарды немесе жаңа ұғымдарды белгілеу үшін жаңадан жасалған сөздер.
Лексикалық жаңа сөздер – жаңа ұғымдардың тууымен бірге шыққан жаңа терминдер.
Семантикалық жаңа сөздер – калька тәсілімен сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағына.
Жергілікті сөздер – белгілі бір аймақ көлемінде тұратын жергілікті тұрғындардың ауызекі сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздері мен сөз тіркестері.
Диалектология – тіл білімінің жергілікті сөздерді зерттейтін бір саласы.
Актив сөздер – тілде жиі қолданылатын сөздер.
Архаизмдер – зат жоғалмағанымен, оның аты ғана өзгеріп, жаңа ат алуына байланысты әлгі заттың қолданыстан шығып қалған көне атауы.
Тарихи сөздер – заманның өзгеруімен қоса сол заманға тән заттар мен олардың атауларының бірге жоғалуы.
Кірме сөздер – өзге тілдерден ауысып келген сөздер.
Пассив сөздер – тілде сирек қолданылатын сөздер.
Төл сөздер – қазақ тілінің өзіне ғана тән сөздері.
Қарапайым сөздер – сөйлеу тілінде сөздің мазмұнын тұрпайыландыра, айналдыра түсу мақсатымен қолданылатын тілдік құралдар.
Эмоционалдық сөздер – адамның сезіміне байланысты сөздер.
Экспрессивтік сөздер – адамның сезіміне емес, ойына, санасына, пейіліне қатысты сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет