Блиц-тест:
1. Қазақ тіліндегі сөздер шығу тегіне қарай қалай бөлінеді?
А) Әдеби сөздер және жергілікті сөздер;
В) Төл және кірме сөздер;
С) Жалпыхалықтық және арнаулы сөздер;
Д) Көне және жаңа сөздер;
Е) Актив және пассив сөздер.
2. Қолданылу аймағына, яғни әдеби және әдеби еместігіне қарай сөздер қалай бөлінеді ?
А) Әдеби сөздер және төл сөздер;
В) Әдеби сөздер және жергілікті сөздер;
С) Әдеби сөздер және жалпыхалықтық сөздер;
Д) Әдеби сөздер және көне сөздер ;
Е) Әдеби сөздер және пассив сөздер.
3. Қолданылу өрісіне, яғни көпшілікке жақсы таныс және онша таныс еместігіне қарай сөздер қалай бөлінеді?
А) Көне сөздер және жаңа сөздер;
В) Актив сөздер және пассив сөздер;
С) Жалпыхалықтық және арнаулы сөздер;
Д) Бейтарап және стильдік бояуы бар сөздер;
Е) Төл және кірме сөздер.
4. Қолданылу мерзіміне қарай сөздер қалай бөлінеді?
А) Архаизмдер және тарихи сөздер;
В) Төл және кірме сөздер;
С) Көне және жаңа сөздер;
Д) Әдеби сөздер және жергілікті сөздер;
Е) Жалпыхалықтық және арнаулы сөздер.
5. Қолданылу жиілігіне қарай сөздер қалай бөлінеді?
А) Бейтарап және стильдік бояуы бар сөздер;
В) Төл және кірме сөздер;
С) Әдеби сөздер және жергілікті сөздер;
Д) Актив және пассив сөздер;
Е) Жалпыхалықтық және арнаулы сөздер.
6. Стильдік бояуына қарай сөздер қалай бөлінеді?
А) Қарапайым сөздер, экспрессивтік сөздер, эмоционалдық сөздер;
В) Қарапайым, дөрекі, тұрпайы, былапыт сөздер;
С) Мағыналық синонимдер және стильдік синонимдер;
Д) Бейтарап және стильдік бояуы бар сөздер;
Е) Стильдік бояулы сөздер және стильдік бояуы бар сөздер.
7. Қолданылу өрісі тар сөздерге қандай сөздер жатады?
А) Жалпыхалықтық және арнаулы сөздер;
В) Жалпыхалықтық сөздер және жалпылама сөздер;
С) Дінге және діни ұғымдарға қатысты сөздер;
Д) Шаруашылыққа және кәсіпке қатысты сөздер;
Е) Діни сөздер, кәсіби сөздер және термин сөздер.
8. Бейтарап сөздер дегеніміз қандай сөздер?
А) Белгілі бір стильге телулі сөздер;
В) Қолданылуы жағынан шектеулі сөздер;
С) Ешқандай стильге қатысты болмай, жалпы түрде, барлық стильдерге ортақ қолданылатын сөздер;
Д) Стильдік, экспрессивтік, эмоционалдық реңкі бар сөздер;
Е) Барлық стильге қатысты болып, жеке түрде, белгілі бір стильде ғана қолданылатын сөздер.
9. Жалпыхалықтық сөздер дегеніміз қандай сөздер?
А) Қолданылу өрісі кең сөздер;
В) Қолданылу өрісі тар сөздер;
С) Қолданылу өрісі шектеулі сөздер;
Д) Діни сөздер, кәсіби сөздер, терминдер;
Е) Күнделікті тұрмысқа аса қажетті емес және көп қолданыла бермейтін, жалпыхалыққа танымал емес сөздер.
10. Жаңа сөздер дегеніміз қандай сөздер?
А) Белгілі бір жаңа заттарды немесе жаңа ұғымдарды белгілеу үшін жаңадан жасалған сөздер;
В) Елдің бәрі біліп, кең көлемде қолданыла бастаған сөздер;
С) Тілге әбден сіңісті болып, жалпыхалықтық сипат алған сөздер;
D Әуелде жиі қолданылып, уақыт өте келе қолданылу жиілігі бәсеңдеп, ескіре бастаған сөздер;
Е) Пассив сөздерге айналып, өзі де, мағыналары да ұмтыла бастаған сөздер.
11. Актив сөздер дегеніміз қандай сөздер?
А) Күнделікті өмірді жиі қолданылмайтын сөздер;
В) Көпшілікке түсініксіз сөздердің жиынтығы;
С) Тілде сирек қолданылатын сөздер;
Д) Тілде жиі қолданылатын сөздер;
Е) Тілдегі барлық көне, жаңа, кәсіби, жергілікті, термин сөздер.
12. Тарихи сөздерді табыңыз?
А) Асадал, итарқа, кент т.б.;
В) Хан, патша, уәзір, тақ, тәж, бек, би т.б.;
С) Ұлыс, тілмаш, бодан т.б.;
Д) Ноябрь, декабрь, январь, отарба, самолет, совет, революция т.б.;
Е) Бітік, будун, қолаң, сын т.б.
13. Архаизмдер дегеніміз қандай сөздер?
А) Заманның өзгеруімен қоса сол заманға тән заттар мен олардың атауларының бірге жоғалуы;
В) Тілде сирек қолданылатын сөздер;
С) Тіліміздегі жаңа сөздер, кәсіби сөздер мен жергілікті сөздер, тар көлемді терминдер;
Д) Тілде жиі қолданылатын сөздер;
Е) Зат жоғалмағанымен, оның аты ғана өзгеріп, жаңа ат алуына байланысты әлгі заттың қолданыстан шығып қалған көне атауы.
14. Пассив сөздер дегеніміз қандай сөздер?
А) Тілде жиі қолданылатын сөздер;
В) Күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер;
С) Тіліміздегі барлық көпшілікке түсінікті сөздер;
Д) Актив сөздер;
Е) Тілде сирек қолданылатын сөздер.
15. Төл сөздер дегеніміз қандай сөздер?
А) Өзге тілдерден ауысып келген сөздер;
В) Араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен ауысқан сөздер;
С) Қазақ тілінің өзіне ғана тән сөздері;
Д) Қытай, өзбек, қырғыз тілдерінен енген сөздер;
Е) Бөтен тілдің сөздері.
16. Стильдік бояуы бар сөздерге қандай сөздер жатады?
А) Қарапайым, дөрекі, тұрпайы, былапыт сөздер;
В) Экспрессивтік, эмоциональдық сөздер;
С) Қарапайым сөздер, экспрессивтік сөздер, эмоциональдық сөздер;
Д) Бейтарап, стильдік бояуы бар сөздер;
Е) Стильдік бояуы бар, стильдік бояуы жоқ сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: |