Бақылау сұрақтары: 1. Сөздер сыртқы тұлғасы мен жасалу жолына қарай қалай бөлінеді? Түбір сөздер дегеніміз қандай сөздер? Туынды сөздер дегеніміз қандай сөздер? Біріккен сөздер дегеніміз қандай сөздер? Кіріккен сөздер дегеніміз қандай сөздер? Қос сөздер дегеніміз қандай сөздер? Қысқарған сөздер дегеніміз қандай сөздер? Күрделі сөздер дегеніміз қандай сөздер?
2. Негізгі сөздер дегеніміз қандай сөздер? Көмекші сөздер дегеніміз қандай сөздер? Оларға қандай сөздер жатады?
3. Сөздер лексикалық мағынасына қарай қалай бөлінеді? Толық мағыналы сөздерге қандай сөз таптары жатады? Жартылай мағыналы сөздерге қандай сөз таптары жатады? Лексикалық мағынасы жоқ сөздерге нелер жатады?
4. Нақты сөздер дегеніміз қандай сөздер? Жалпы сөздер дегеніміз қандай сөздер?
5. Вариант сөздер дегеніміз қандай сөздер? Түрлерін атаңыз. Фонетикалық вариант дегеніміз не? Түрлерін атаңыз. Орфоэпиялық вариант дегеніміз не? Орфографиялық вариант дегеніміз не? Морфологиялық вариант дегеніміз не? Грамматикалық вариант дегеніміз не? Лексикалық вариант дегеніміз не? Түрлері, пайда болу жолдары қандай? Дублеттер дегеніміз не? Аралас варианттар дегеніміз не? Қазақ тіл біліміндегі варианттардың реттелуінің жолдары қандай?
6. Синонимдер дегеніміз қандай сөздер? Синоним болудың шарттары қандай? Мағыналық синонимдер дегеніміз не? Стильдік синонимдер дегеніміз не? Синонимдік қатар дегеніміз не? Тірек сөз дегеніміз не? Синонимдердің қолданылу тәсілдеріне тоқталыңыз. Синонимдердің пайда болу жолдарына тоқталыңыз.
7. Антонимдер дегеніміз не? Морфологиялық құрылымына қарай антонимдер қалай бөлінеді? Мысалмен дәлелдеңіз. Тіліміздегі антонимдерді қолданудың қандай тәсілдері бар? Мысалмен дәлелдеңіз.
8. Омонимдер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқталыңыз. Омонимдердің жасалу жолдарына тоқталыңыз. Омофондар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. Омографтар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
9. Сөздер қолданылу ерекшеліктеріне қарай қалай бөлінеді? Эвфемизмдер дегеніміз не? Эвфемизмдерге қандай сөздер жатады? Дисфемизмдер дегеніміз не? Какофемизмдер дегеніміз не? Табу дегеніміз не? Табу қалай жасалады? Перифраз дегеніміз не? Плеоназм дегеніміз не? Калька дегеніміз не? Толық калька дегеніміз не? Жартылай калька дегеніміз не? Калькалау дегеніміз не? Этнографизмдер дегеніміз не? Экзотизмдер дегеніміз не? Окказионализмдер дегеніміз не?