Блиц-тест:
1. Сыртқы тұлғасы мен жасалу жолына қарай сөздер қалай бөлінеді?
А) Түбір сөздер, туынды сөздер, біріккен сөздер, кіріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, күрделі сөздер;
В) Негізгі сөздер, көмекші сөздер;
С) Толық мағыналы, жартылай мағыналы және лексикалық мағынасы жоқ сөздер;
Д) Деректі сөздер, дерексіз сөздер, жалпы сөздер, нақты сөздер;
Е) Вариант сөздер, синонимдер, омонимдер, антонимдер.
2. Біріккен сөздерді табыңыз?
А) Тау, тас, аң, мал, өзен, көл, балық т.б.;
В) Әнші, ойыншық, бөлме, өнерлі, үркек, қысқы, бесінші т.б.;
С) Қарала, сарала, алөкпе, биыл, қыстыгүні, белбеу, әкел т.б.;
Д) Қарақұрт, түйеқұс, қаптесер, қырықаяқ, үшбұрыш, көкқұтан, алтыбақан т.б.;
Е) Құрт-құмырсқа, аяқ-табақ, әке-шеше, ата-ана, кәрі-жас, үлкен-кіші т.б.
3. Түбір сөздер дегеніміз қандай сөздер?
А) Ешбір қосымшасыз, тек бір ғана түбірден тұратын сөздер;
В) Түбірге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған сөздер;
С) Екі я одан да көп түбірден бірігіп, бір ғана ұғымды білдіретін сөздер;
Д) Біріккеннен кейін өз тұлғаларын сақтамай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшыраған сөздер;
Е) Әр түрлі екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған сөздер.
4. Кіріккен сөздер дегеніміз қандай сөздер?
А) Әр түрлі екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған сөздер;
В) Бірнеше сөздің тіркесінен құралған күрлелі атаулар мен мекеме, ұйым атауларының қысқартылып қолданылуынан пайда болған сөздер;
С) Екі я одан да көп сөздердің тіркесінен жасалып, бір-ақ ұғымды, бір-ақ мағынаны білдіретін сөздер;
Д) Біріккеннен кейін өз тұлғаларын сақтамай, кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшыраған сөздер;
Е) Ешбір қосымшасыз, тек бір ғана түбірден тұратын сөздер.
5. Күрделі сөздерді табыңыз?
А) Тау, тас, аң, мал, өзен, көл, балық т.б.;
В) Әнші, ойыншық, бөлме, өнерлі, үркек, қысқы, бесінші т.б.;
С) Бас бармақ, қара торы, он сегіз, жәрдем ет, ауыл шаруашылығы, зат есім, ат арба т.б.;
Д) Қарақұрт, түйеқұс, қаптесер, қырықаяқ, үшбұрыш, көкқұтан, алтыбақан т.б.;
Е) Қарала, сарала, алөкпе, биыл, қыстыгүні, белбеу, әкел т.б.
6. Синонимдер дегеніміз не?
А) Әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар синонимдер;
В) Мағыналық жағынан тең бола тұра, бір-бірінен стильдік бояуы жағынан ерекшеленетін синонимдер;
С) Ұғымы бір-біріне өте жақын, бірақ тұлғасы жағынан басқа-басқа сөздер;
Д) Өзара мәндес, мағыналас сөздердің тобы;
Е) Синонимдердің қатарына енген сөздердің басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйытқы болып тұратын басты сөз.
7. Антонимдер дегеніміз не?
А) Болымды-болымсыз мағыналарды білдіретін қосымшалар арқылы жасалған сөздер;
В) Бір түбірден жасалған сөздер;
С) Мағыналары бірдей, бірақ тұлғалық құрылымы жағынан азды-көпті өзгешеліктері бар бір тілдегі жарыспалы варианттар;
Д) Түбірлері бөлек-бөлек, мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер;
Е) Ұғымы бір-біріне өте жақын, бірақ тұлғасы жағынан басқа-басқа сөздер.
9. Омонимдерді табыңыз?
А) Майда – ұсақ, уақ; майда – жұмсақ, биязы т.б.;
В) Жаз – жыл мезгілі; жаз – ой-пікірін қағазға түсіру; жаз –жаю, жаймалау, тегістеу; жаз – дерттен сауықтыру, емдеу т.б.;
С) Қара – аспанға қара, қара – малға қара, қара – артыңа қара т.б.;
Д) Қара – көйлегіңе қара, қара – балаға қара т.б.;
Е) Қара – терезеге қара, қара – айналаңа қара т.б.
10. Көп мағыналы сөздерді табыңыз?
А) Майда – ұсақ, уақ; майда – жұмсақ, биязы т.б.;
В) Көк – түс; көк – аспан; көк – өсімдік т.б.;
С) Жаз – жыл мезгілі; жаз – ой-пікірін қағазға түсіру; жаз – жаю, жаймалау, тегістеу; жаз – дерттен сауықтыру, емдеу т.б.;
Д) Жабағы – малдың көктемде түсетін немесе қырқылатын жүні; жабағы – жас алты айдан асқан құлын т.б.;
Е) Ай – аспан денесі; ай – отыз күндік мерзім т.б.
11. Қолданылу ерекшеліктеріне қарай сөздер қалай бөлінеді?
А) Түбір сөздер, туынды сөздер, біріккен сөздер, кіріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер, күрделі сөздер;
В) Негізгі сөздер, көмекші сөздер;
С) Толық мағыналы, жартылай мағыналы және лексикалық мағынасы жоқ сөздер;
Д) Вариант сөздер, синонимдер, омонимдер, антонимдер;
Е) Эвфемизмдер, дисфемизмдер, табу, перифраз, плеоназм, калька, этнографизмдер.
12. Табуды табыңыз?
А) Жаман ауру, өкпе ауруы т.б.;
В) Дімкәс, құлағының мүкісі бар т.б.;
С) Итқұс, серекқұлақ, қарақұлақ, терісазу т.б.;
Д) Ұзын құлақ, жаяу пошта, сымсыз телефон, аузы жеңіл, қолының жымқырмасы бар, қызу, қайтыс болды т.б.;
Е) Қолына құс қрндыру, отау тігу, үйлі-баранды болу, тұрмыс құру, тұрмысқа шығу т.б.
13. Эвфемизмдер дегеніміз не?
А) Әдепті сөзді әдепсіз сөзбен ауыстырып айту арқылы жасалатын сөздер;
В) Какофемизмдер;
С) Көбінесе ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер;
Д) Дисфемизмдер;
Е) Тура, ашық айтуға қолайсыз немесе ұят саналатын дөрекі, тұрпайы, әдепсіз сөздерді басқа, сыпайы сөзбен ауыстырып қолдану арқылы жасалған сөздер.
14. Дисфемизмдер дегеніміз не?
А) Әдепті сөзді әдепсіз сөзбен ауыстырып айту арқылы жасалатын сөздер;
В) Ауызекі сөйлеу тілінде қолданылмайтын сөздер;
С) Эвфемизмдер;
Д) Тура, ашық айтуға қолайсыз немесе ұят саналатын дөрекі, тұрпайы, әдепсіз сөздерді басқа, сыпайы сөзбен ауыстырып қолдану арқылы жасалған сөздер;
Е) Көркем әдебиетте, ақпарат құралдарына жиі қолданылатын сөздер.
6. Дисфемизмдерді табыңыз?
А) Жас бала, орынсыз сөз айтпа т.б.;
В) Боқ мұрын, былшылдама т.б.;
С) Жаман ауру, дімкес, ұзын құлақ, қолына құс қондыру т.б.;
Д) Өкпе ауруы, құлағының мүкісі бар, жаяу пошта, отау тігу т.б.;
Е) Сымсыз телефон, үйлі-баранды болу т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |