Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет28/34
Дата14.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#174494
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Блиц-тест:
1. «Бармағын тістеді» тұрақты тіркесінің беретін мағынасы қандай?
А) Саусағын аузына салып, тісін батырды;
В) Қатты өкінді, опық жеді;
С) Алданып қалды, құр алақан қалды;
Д) Не істерін білмей, басы әңкі-тәңкі болды;
Е) Ауырды.
2. Фразеология дегеніміз не?
А) Сөз туралы ілім;
В) Тіл білімінің сөздер мен сөздік тұлғалардың шығу тегін, төркінін, даму тарихын зерттейтін саласы;
С) Тіл білімінің тұрақты тіркестерді зерттейтін саласы;
Д) Сөздік жасаудың теориясы мен ұстанымдары, сөздік жасау ісі мен тәжірибесі;
Е) Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
3. Фразеологизмдер дегеніміз не?
А) Тіркес құрамындағы сөздердің бір-бірімен синтаксистік тәсілдердің бірімен байланысуы арқылы түзелетін тілдік бірліктер;
В) Тіл білімінің тұрақты тіркестерді зерттейтін саласы;
С) Тіркес құрамындағы сөздер әуел бастағы негізгі, тура мағыналарынан айырылып, бәрі жиналып бір ғана ұғымды білдіретін тілдік бірліктер;
Д) Бір тілдегі тұрақты тіркестердің жиынтығы;
Е) Даяр күйінде жұмсалына алмайтын тілдік бірліктер.
4. Фразеологизмдер деген не?
А) Тілдегі сөз тіркестері;
В) Тілдегі еркін тіркестер;
С) Тілдегі сөздер;
Д) Тілдегі тұрақты тіркестер;
Е) Тілдегі сөздер мен сөз тіркестері.
5. Фразеологизмдердің үш түрлі басты белгісін көрсетіңіз?
А) Фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек;
В) Тұлға тиянақтылығы, мағына тұрақтылығы, тіркес тұтастығы;
С) Сөз тіркесі, еркін тіркес, тұрақты тіркес;
Д) Түйдек, тұрақты тіркес, фразеологизм;
Е) Тұлға тұрақтылығы, мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы.
6. «Тез» мағынасын беретін тұрақты тіркесті табыңыз?
А) Көзді ашып-жұмғанша;
В) Көз қырын салу;
С) Көз көрмес, құлақ естімес;
Д) Бота көз;
Е) Көз ілмеді.
Әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілінің лексикасы. А., 1988; 1995.
Аханов К. Қазақ тілінің лексикасының мәселелері. А., 1956.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. А., 1979; 1988.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997.
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. А., 1976.
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. А., 1962; 1975.
Қазақ тілі. Энциклопедия. А., 1998.
Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Грамматика. А., 1954.
Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2004.
Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы, 1972.
Нұрмаханов А. Түркі фразеологиясы. Алматы, 1998.
Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. 1-бөлім. А., 2003.
Сатенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты. Алматы, 1997.
Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. Алматы, 1998.
27-28 практикалық сабақ тақырыбы: Фразеологизмдер – тілдік бірліктер
Сабақ жоспары:
1. Фразеологизм және оған тән белгілер
2. Фразелогизмдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері
3. Фразеологизмдердің пайда болуы, шығу негіздері
4. Фразеологизмдердің мағына тұтастығының деңгейіне қарай бөлінуі
5. Идиома ұғымы
6. Фразеологиялық бірліктің фразеологиялық тұтастықтан айырмашылығы
7. Фразеологиялық тізбектің еркін тіркестен айырым белгісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет