Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В010200- бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Пән циклы атауы және коды


Мектепте сөйлемнің құрамын оқытудың маңызы, міндеттері, мазмұны мен принциптері



бет25/57
Дата07.02.2022
өлшемі127,26 Kb.
#83315
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Байланысты:
казак тилин окыту
казак тилин окыту
Бекіту сұрақтары
1.Мектепте сөйлемнің құрамын оқытудың маңызы, міндеттері, мазмұны мен принциптері.
2. Сөйлем мүшелері болудың шарттары, анықтамасын меңгерту.
3. Сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.

Әдебиет 1. Сейтенова С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі: оқу құралы –Алматы: 2018.-273 б.
2. Сейтенова С.С. Қазақ тілі:педагогикалық мамандық тарға арналған. Ақтөбе: 2015-272 б.
4. Мейірманқұлова Т. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Астана., Фолиант, 2010
9.4.15. ТақырыбыБастауыш мектепте қазақ тілі сабақтарында білім, білік дағдыны есепке алу, тексеру және бағалау.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Оқушылардың білімін тексерудің маңызы.
2.Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру әдістері, жолдары мен тџрлері. 3.Оқушылардың білімін бағалау жолдары.
Дәріс тезисі* Оқушылардың білімін тексерудің маңызы. Оқытудың әр кезеңінде бақылаудың әр түрлері қолданылады: алдын-ала бақылау, ағымдық бақылау, тақырыптық бақылау, қорытынды бақылау.
Кез келген тақырыпты игерудің нәтижелілігі алдыңғы кезеңде игерілген білімдірдің көлемі мен деңгейінен тәуелді. Егер мұғалімде ондай ақпараттар болмаса оның оқыту процесін тиімді жобалау және басқару мүмкіндігі төмендейді. Сонымен қатар пән немесе бөлім бойынша оқушылардың білімдерін анықтау мұғалімнің өзінің іс-әрекетін дұрыс жоспарлауына және ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Аталған міндеттер алдын-ала бақылау арқылы шешіледі.
Ағымдық бақылау күнделікті жұмыста оқушылардың білімдеріндегі олқылықтарды анықтау және алдыңғы материалдарды игеруін тексеру мақсатында іске асырылады.
Тақырыптық бақылау бағдарламаның бір бөлімін өткеннен кейін қолданылады. Оның мақсаты оқушылардың білімдерін жүйелеу. Бақылаудың бұл түрі жүйелеу сабақтарында қолданылады және оқушыларды қорытынды бақылауға дайындайды.
Қорытынды бақылау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында өткізіледі.
Бақылау формалары: жеке, топтық және фронталды.
Бақылау әдістері. Бақылау әдісі - оқыту процесінің тиімділігі, оқытудың нәтижелілігі туралы мәліметтер алу мақсатымен оқыту процесіндегі қарама-қарсы байланыстарды қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді өзара байланысқан әрекеттер жүйесі. Олар оқыту процесі туралы жүйелі, толық, жан-жақты, дәл және оперативті ақпараттарды алуды қамтамасыз етуі керек.
Ауызша бақылау әдістері - әңгімелесу, оқушы әңгімесі, түсіндіру, мәтінді, технологиялық картаны, схеманы оқу және тағы басқалар. Ауызша бақылаудың негізі - оқушының монолог түріндегі жауабы немесе сұрақ–жауап формасындағы әңгімелесу. Ағымдық ретіндегі ауызша бақылау әр сабақта жеке және фронталды формаларда ұйымдастырылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет