Бекіту сұрақтары
Қазақ тілі сабақтарын ұйымдастыру. Сабақтың құрылымдық элементтері.
Әдебиеттер:1. Сейтенова С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі: оқу құралы –Алматы: 2018.-273 б.
2.Сейтенова С.С. Қазақ тілі:педагогикалық мамандық тарға арналған. Ақтөбе: 2015-272 б.
9.4.8. Тақырыбы Сын есім туралы жалпы түсінік.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
Бастауыш сыныптарда сын есімді оқыту әдістемесі. 1 – 4 сыныпта сын есімді оқыту әдістемесі. Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі.
Дәріс тезисі*Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы сын есім. Зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика - грамматикалық тобы. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр - реңін) және басқа сол сияқты сыр - сипаттарын білдіретін лексика - грамматиакалық сөздер тобын айтамыз.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқа ерекшеліктері бар.
Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр - сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т.б.) жағынан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді. Сын есімдер заттың әр алуан сыр - сипаттары мен белгілерін тікелей де басқа заттардың қатынастары арқылы да білдірді. Осындай жалпы сипаттарымен байланысты, сын есімдер мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрақтарға жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |