9.4.13. Тақырыбы. Тіл дамыту әдістемесі.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Тіл дамытудың мақсат-міндеттері.
2.Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту.
3.Сөздікпен жұмыс жасау әдістемесі.
4.Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері.
5.Мазмұндама мен шығарма жұмыстары.
6.Оқушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарындағы қателерді түзету жолдары.
Дәріс тезисі* Тіл дамытудың мақсат-міндеттері. Тіл дамыту мәселесі көптеген әдіскер-ғалымдардың, психологтардың зерттеу объектісі болған. Орыс әдіскер-ғалымдары М.Р. Львов, Т.Г. Рамзаеваның еңбектерінде, сондай-ақ қазақ ғалымдары А. Байтұрсынов, С. Рахметова, Ш. Әуелбаев, Т. Әбдікәрімова, психологтар Н.И. Жинкин, Л.В. Занков, П.М. Якобсон еңбектерінде қарастырылған. Қазіргі таңда оқу бағдарламаларында, оқулықтарда тіл дамытуға айрықша көңіл бөлінген.
Тіл дамыту жұмысы – күрделі де творчествалық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны – олардың орындаған жаттығуларының мазмұндылығы, жүйелілігі, анықтығы, мәнерлігі, тазалығы, өрнектігі, түрлендіре алушылығы және грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, орфографиялық қатесіздігі.
Тілді меңгеру барысында бала қорытынды жасайды, жалпылау, нақтылау, абстракциялау сияқты ойлау операцияларын қолданады.
Тіл 3 түрлі қызмет атқарады.
Сөйлеу туралы ұғым және оны дамыту.Сөйлеу – адамның тіл құралдарын қолдану негізінде (сөздер, сөйлем т.б.) ойлауды жүзеге асыру әрекеті.
Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Осыған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметі ғылыми тұрғыдан 3 салаға бөлінеді:
1. Сөйлеудің коммуникативтік қызметі.
2. Сөйлеудің сигнификативтік қызметі.
Бұл қызмет бойынша сөйлеуді адамдар бір-бірін белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мысалы, қауіпті жағдай туғанда берілген белгі, ым-ишаралары.
3. Сөйлеудің экспрессивтік қызметі - әр алған хабарлар мен жәй-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан-дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізу тәсілі.
Достарыңызбен бөлісу: |