Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В010200- бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Пән циклы атауы және коды


Тақырыбы Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту әдістемесі



бет24/57
Дата07.02.2022
өлшемі127,26 Kb.
#83315
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
Байланысты:
казак тилин окыту

9.4.14. Тақырыбы Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту әдістемесі.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Синтаксисті оқытудың лингвистикалық негіздері.
2.Бастауыш сыныптарда сөз тіркесін оқыту ерекшелігі.
3.Бастауыш сыныптарда сөйлем ұғымын меңгерту
Дәріс тезисі* Синтаксисті оқытудың лингвистикалық негіздері. Бастауыш мектепте сөйлем және оның түрлері мен сөйлем мүшелерін оқытуда ескерілетін лингвистикалық ерекшеліктер мыналар:
1. Тиісті анықтамалар олардың басты белгілерінің негізінде берілуі тиіс және белгілі бір синтаксистік тұлғаның басты белгілерін танытуда бастауыш сыныптан бастап, оның мағынасы мен формалық сипаттары сабақты байланыста болатынына оқушының көзін жеткізу керек.
2. Әрбір заттың мазмұны мен формасы болады, оларды өзара тығыз байланысында ғана ұғуға мүмкін. Мазмұн заттың негізгі сапа ерекшелігін белгілейтін және оның барлық элементтерінде көрінетін басты жағы.
Бастауыш мектепте синтаксистік материалдарды оқытудың тағы бір ерекшелігі – тілдің интонациялық құбылысы мен пунктуациясының байланыстылығында. Синтаксисті оқыту мәселелерін зерттеуші-ғалымдар тыныс белгілері сөйлемнің грамматикалық, мағыналық, пунктуациялық сипаттарының негізінде қойылатынын айтты.
Бастауыш сыныптарда сөз тіркесін оқыту ерекшелігі. Бастауыш мектепте хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді өткенде бұл сөйлемдердің мағынасы мен интонациялық, пунктуациялық белгілерінің арасында себепті байланыстылық болатынын, сөйлемнің мағынасы оның интонациясына әр алуан әр беріп, әр түрлі пунктуацияның қойылуына себеп болатынын оқушыға түсіндіріп отырған жөн.
Сөйлем түрлерінің мағынасын, интонациясын, тыныс белгілерін танытуда баланың ойдүниесін қозғап, эмоциялық сезімін оятуда оқушының көру анализаторларының қызметі көріп қабылдаудан гөрі естіп қабылдауының басым болатыны ескеріледі.
Бастауыш сыныпта оқушылар сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы практикалық дағдылар алады. Бұл материалдарды анықтаудың лингвистикалық ерекшеліктеріне және жүйесіне мұғалімдердің өздері де көңіл бөле бермейді.
Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады /1, 54/. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды жөн деп қабылдадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет