9.1.3. Тақырыбы Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық ұстанымдары мен заңдылықтары.
Сағат саны 1.
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Қазақ тілін оқыту заңдылықтары.
2.Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық принциптері.
3.Қазақ тілін оқытуда әдістемелік ұстанымдарды басшылыққа ала отырып оқытудың маңыздылығы.
Дәріс тезисі*Тілдің өз табиғатының жеті заңдылық шығады:
1. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық, граматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді. 2. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. мұндай қасиет балада сәби кезінен болатынын зерттеушілер айтып жүр. 3. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөлеу мәнері сезімге бөлене сөлеуді меңгереді. 4.Жазбаша сөйлеу ауызекі сөлйеудің таңбалау жүйесіне аудару ретінде ұғынылады. 5. Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы тіл таңбаларын- дыбыс, морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар- ұғыну барысында меңгеріледі 6. Тілге үйрену сөйлеу органдарының, жазатын қолдың жаттығулары, қимыл- қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы іске асады. 7. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматикалық формалар арқылы ғана дамиды, ал екінші тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым ұғыналады.Сондықтан оқушылар үренгендерін ұмытып қалмау үшін тілдік материалдарды көбірек беріп, сөйлегенде қолданып отыруына жағдай жасалады. Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану қажет. Салыстыру, анализ, синтез, жалпылау, нақтылау, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуы тиіс. Сөйтіп, ана тілін меңгеру заңдылықтары оны мектепте оқытудың негізі болып табылады және оқытудың әдістемелік принциптер осы заңдылықтардан туындайды. Қазақ тілін оқытудың жалпы дидактикалық ұстанымдарын әдіскер-ғалымдар төмендегідей 8 түрде көрсетеді: 1.Оқытудың ғылыми принциптері. 2. Оқытудың жүйелілік принциптері. 3. Оқытудың материалды дұрыс орналастыру принциптері. 4. Оқытудың алдын ала болжау принциптері. 5. Оқытудың саналылық принциптері. 6. Оқытудың берік, тиянақты болу принциптері. 7. Оқытудың теория мен практика, өмірмен байланыстыру принциптері. 8. Оқытудың көрнекілік принциптері.
Достарыңызбен бөлісу: |