Бекіту сұрақтары
1.Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері қандай?
2.Бұл пән студенттерге қандай білім, білік бере алады?
3.Бұл пәні оқыту әдістемесі бағытында қандай ғылыми деректер жарық көруде?
Әдебиеттер:1.Сейтенова С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі: оқу құралы –Алматы: 2018.-273 б.
2.Сейтенова С.С. Қазақ тілі:педагогикалық мамандық тарға арналған. Ақтөбе: 2015-272 б.
3. Мейірманқұлова Т. Қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. –Астана., Фолиант, 2010
9.1.2.Тақырыбы: Қазақ тілі әдістемесінің зерттелу тарихы, әдістеменің ғылым ретінде дамуы, зерттелу жайы.
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық бағдарламасы.Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің тараулары. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасып дамуы мен зерттелуі. Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің алатын орны.
Дәріс тезисі*Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Ол ең алдымен оқушыға тілдік категорияларды қандай әдіс-тәсілдер арқылы оқытсақ нәтижелі болады деген мәселелерді қарастырады және ана тілінен білім берудің жолдарын үйретеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика, психология пәндерімен тығыз байланысты. Негізінен Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің ғылыми-теориялық бағдарламасы 4 саладан тұрады: 1 – педагогика-дидактиканың ғылыми теориялық негіздері, 2 – қазақ тілінің ғылыми саласы, 3 – тіл дамыту, тіл ұстарту, 4 – педагогикалық практика бөлігі болып келеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәні мынадай тараулардан тұрады: 1 – қазақ тілінің әдістемесі дербес ғылым екендігі; 2 – мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері: қазақ тілін оқытудың міндеттері, мазмұны, принциптері, әдістері, тәсілдері мен құралдары, сабақ оның түрлерін топтастыру; 3 – фонетика,орфоэпияның, лексиканың, сөзжасам мен грамматиканың, орфография мен пунктуацияның, стилистика мен тіл ұстартудың әдістемесі, 4 – сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың әдістемесіҚазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасып дамуын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады: 1.Қазан төңкерісіне дейінгі кезең.2. Қазан төңкерісінен кейінгі кезең.3.Қазіргі кезең.
Қазақ тілі әдістемесі ғылымы. Әдістеменің зерттейтіні, мазмұны, құрылымы. Әдістемелік мұра. Қазақ тілі әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасып дамуы, бұған әдіскер-ғалымдардың қосқан үлесі. Қазақ тілі әдістемесінің қазақ тіл білімімен, педагогика, психологиямен және басқа ғылымдармен байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |