Түсіндірме жазба «Тіл ұстарту»



Дата11.01.2017
өлшемі86,58 Kb.
#6741
Дайындаған «Бота» тобының

тәрбиешісі: Ольжабаева.А.А




«Сөйле, балақай!»

4-5 жастағы балаларға арналған

вариативті компонент

(қатынас бөлімі)

2015-2016 оқу жылы


Түсіндірме жазба

«Тіл ұстарту» бойынша құрастырылған бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің шағын орталық тобының ортаңғы тобына арналған.


Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес вариативті бөлімінің тақырыбы:

«Сөйле, балақай!» (Тіл ұстарту)


Бағдар құрылымындағы вариативті бөлімінің алатын орны:

Шағын орталық топтарына арналған бұл бағдарламаға:

Балалардың тілдік қатынас жасау дағдыларын, әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылықтарын дамыту;балалардың жалпыға ортақзат есім,етістік, үстеу,сын есім және қосымшалармен пассив және белсенді сөздіктерн кеңейту, тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетті, байланыстырып сөйлеу әдістері қарастырылды.
Бағдарламаның түсінік хаты:

Тіл ұстарту бөліміндеі өзінің атында тұрғандай баланың тілін дамыту,еркін сөйлеу,тез жаттауға, тез ойлауға дағдыландыратын пән деп алған едік . Расында да тілдік мәдениет,әдеби тіл, тілдік, сөздік қордың молайюы оқылған ертегіні мазмұндап айту, сурет бойынша әңгімелеу, кез – келген сұраққа толық, нақты жауап беруден басталады.

Баланың байланыстырып сөйлеуін тәжірибелік іс – әрекеттердегі оның сөздік шығармашылығы арқылы дамыту.

Міне осы «Тіл ұстарту » пәні балалардың жан – жақты дамуына өте зор әсер ететін пән деп қарадық.

Орта топтарында инварианттық пәндерден басқа бірнеше вариативтік ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттері өтеді.Осы «Тіл ұстарту »ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті аптасына 1рет жүргізіледі жылына 36 сағат. Пәннің жоспарын құру барысында негізгі материалдар ретінде мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, ертегілер, ұлттық киімдер, Қазақстан Республикасының рәміздері, заттар, ұлттық музыкалық аспаптар және киіз үй тақырыбы көтерілген.Сол сияқты ұлттық мерекелер мен қалыпты мерекелік күндер туралы да материалдар енгізілген.
Вариативті бөлімнің мақсаты:

Баланың күнделікті өмірде кездестіретін заттарын түрлі – түсті, қызықты,сюжетті суреттер арқылы атау, көрсету, табу тәсілдерін пайдаланып, тілдік дүниетанымын арттыру.Тәрбиенушілерді ойната отырып, табиғи тілдік ситуацияларға түсіру, олардың қарапайым, өздеріне қажетті комуникативті дағдыларын қалыптастыру.


Вариативті бөлімнің міндеттері:

  • Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу

  • Сөздік қорын байыту

  • Байланыстырып сөйлеуді дамытуды жүзеге асыру

  • Балалардың өзіндік тілін жандандыру , белсенді сөздікті қалыптастыру

  • Сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлеу интоннациясын қалыптастыру

  • Сөйлемді қолдануға, оны грамматикалық жағынан дұрыс құруға үйрету



Тәрбиенушілерге қойылатын талаптар:

  • Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру

  • Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу

  • Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс – әрекетке пайдалана беру

  • Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына енгізу

  • Оқылған шығарма , ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажырату, олар туралы өздігінен қорытынды жасау

  • Дыбыс аппараты мен артикуляцияны дамыту жаттығуларын орындау

  • Ұлттық салт – дәстүрге, өнерге байланысты сөздерді меңгерту

  • Тілдегі дыбыстарды анық, таза, дұрыс айтып, бір – бірінен ажырата білу

  • Тіл ұстартуға арналған дидактикалық ойындарды мақсатына, шартына байланысты орындай білу


Балалардың дайындығына қойылатын талаптар:

Жаңадан меңгертілген сөздерді ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде, ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінен тыс өтілетін тәрбие, ойын, ермек, бақылау,т.б. жұмыстарында ұдайы қайталату, тәжірибелік ойын – тапсырмалар орындату арқылы бекітіп,тереңдету.

Дыбыстарды анық айта білуге үйрету.

Тілдегі дыбыстарды анық, таза, дұрыс айтып, бір – бірінен ажырата алуын қадағалау.


Пәнаралық кіріктіру:

Қоршаған ортамен танысу, сурет салу, дене шынықтыру, жапсыру.


Вариативті бөлімнің ұйымдастыру формасы:

Жеке, топтық жұмыс, бақылау


Уақыт көлемі , ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің жиілігі:

Толық күнді шағын орталық тобындағы «Тіл ұстарту » ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті аптасына 1 рет 20-25 минуттан, жылына 36 сағат.


Күтілетін нәтиже:

  • Сөздік қорларының көбейюі

  • Байланыстырып сөйлеуі

  • Әңгімені сурет бойынша әңгімелету

  • Сұрақтарға толық жауап беру

  • Заттардың аттарына, қасиеттеріне,белгілеріне қарап ажырату


Вариативті бөлімнің аяқтау формасы :сараптама

Тәрбиешілерге ұсынылатын әдебиеттер:

  • «Ұяда не көрсең ..» Б.Момышұлы

  • « Педагогика » М.Жұмабаев Алматы. 1994ж.,

  • « Қазақтын халық жұмбақтары » М.Әуезов Алматы.1995 ж.,

  • « Тілашар » Р.Нұртазина Астана «Арман - ПВ» баспасы2007 ж.

  • « Қуырмаш » С.К.Раева Алматы «Алматыкітап баспасы» 2009 ж.

  • « Тіл дамыту » әдістемелік құрал Әмірова Ә.С., Анартаева К.А. Астана : «Арман - ПВ» баспасы 2010ж.

  • «Мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасы » Алматыкітап 2009ж.

  • «Ұлттық тәлім мен тәрбие» С.Дорженов

  • «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» С.Қалиева

  • «Дәстүр және жалғастық» Ә.Дербісалин


Оқу құзреттілігінің күтілетін нәтижесі


Оқу іс –ірекетінің компоненті

Мектеп жасына дейінгі балаларға ортаңғы топ 4-5 жас

Жоспардың құрылымы

Жоспар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жасалу

Күтілетін нәтиже

Баланың ана тілінде, әлеуметтік құзіреттілігін қалыптастыру, сондай-ақ, баланың ана тілінде сөйлесуіне жас ерекшелігіне сай, сөздік қорларын барлық әрекеттерде қолдану.

Жыл соңында балалардың бағдарламаны меңгеруінің нәтижесі

Айтылуы

Ана тілінің дыбысын себтіктерге жіктеуге келістіру, сөйлемдерді толық қолдану, әңгіме құрастыру 2-3 сөйлемнен әңгіме құрау.

Түсіну

Жаңа сөздерді құрау жұрнақ жалғауларды қолдану, сөйлемдерді дұрыс құру, кейіпкерлердің образын мазмұндауда интонациялық тәсілін қолдану

Қолдану

Күнделікті әлеуметтік дағдыларды және екі тілдік компанентті қолдану

Оқу іс-әрекетінің өткізілу уақыты

20-25

Сағат саны

36


Тіл ұстарту (тіл дамыту)

Аптасына 1 рет 36 сағат

Айы

Вариативтік компанентің тақырыбы

Сағат

саны Уақыты



Қыркүйек

  1. Біздің топ

  2. «Күз» сурет бойынша әңгімелеу

  3. Қызыл қоңыз (жәндіктермен танысу)

4. Диқаншының еңбегі (сурет бойынша әңгіме

бидай,күріш,арпа,тары)




1

1

1



1

Қазан

  1. Менің отбасым

  2. «Түлкінің туған күні» мазмұнды сурет бойынша әңгімелеу

  3. Менің Отаным - Қазақстан

  4. Ойыншықтар дүкені

1

1

1



1

 


Қараша

  1. Досыма телефон шаламын

  2. «Күшік пен мысық» ертегісі

  3. Күзгі орманға саяхат

  4. Менің кішкентай достарым.(күшік,мысық ш,с дыбыстары)

1

1

1



1

желтоқсан

  1. «Алақай қыс келді»

2. «Қыс қызығы»сурет бойынша әңгіме

3. Мұз айдында(таза ауадағы ойындар).




1

2

1



Қаңтар

  1. Табиғат әсемдігі

  2. Жұмбақтар шешу

  3. Ойнай-ойнай шынықтық (таза ауадағы ойындар)

  4. Әдептілік-әдемілік

1

1

1





Ақпан

  1. Қар ериді, Су болады. (сенсорика тіл дамыту)

  2. «Көпіршіктер» танымдық ойын

  3. «Сыңарын тап» дидактикалық ойын

  4. Қысты шығарып салу мерекесі

1

1

1



1

Наурыз

  1. Наурыз жыл басы

  2. Мамандықтың бәрі жақсы «Кім немен ойнайды?»

  3. «Кеме» Е. Өтетілеуұлы жаттау

  4. Күшік неге көңілсіз?

1

1

1



1

Сәуір

  1. Құстар біздің досымыз

  2. Құрлысшы (сурет бойынша әңгімелеу)

  3. Біз көмекші (Сурет бойынша әңгімелеу)

  4. Ғарышқа саяхат (сурет бойынша әңгіме)

1

1

1



1

Мамыр

  1. «Жаздың кезі көңілді» сурет бойынша әңгімелеу

  2. «Сиқырлы сандық» ойын

  3. Үй жиһаздары

  4. «Үш аю» орыс халық ертегісі

1

1

1



1


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет