Тақырыбы: «Автобус»
Мақсаты: Балалардың көлік жайлы түсініктерін кеңейту.Суретте бейнеленген ойыншықтардың өзіне тән дыбысталуын баланың белсенді сөздік тілін дамыту.Көлікті сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту. Автобустың дөңгелігін дәстүрден тыс қақпақпен сурет салуға дағдыларын қалыптастыру.Қол моторикасын ,шығармашылық қабілетін дамыту.
Әдіс –тәсіл : сұрақ –жауап,түсіндіру,жұмбақ жасыру.
Көрнекіліктер: Автобус ,слайд.
Жүру барысы:
Шаттық шенбері:
Қайырлы таң –Алтын күн!
Қайырлы таң – Көк аспан!
Қайырлы таң –Жер ана!
Қайырлы таң –Достарым!
Қайырлы таң –Қонақтар!
Салеметсіздер ме апайлар!
Орнымызға жайғасайық балалар.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс.
Тәрбиеші: Қыста не жауады?
Балалар: Қар жауады.
Тәрбиеші: Тағы қандай ерекшеліктері бар?
Балалар: Күн салқын болады.Аяз,боран болады.
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, ойланып жауап беріңдерші .
Жұмбақ:
Кеудесінде жаны жоқ
Тамырында қаны жоқ
Май жейді
Су ішеді
Бұл не екен балалар ?
(көлік )
(Көліктің дауысы шығады )
Тәрбиеші: Ой балалартыңдаңдаршы ненің дауысы ?
Дұрыс айтасыңдар бұл машинаның дауысы.
Тосын сәт:
Көңілсіз шофёр келеді.
Саламатсыздар ма балалар.
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе шофер ағай.Сізге не болған көңіл кійіңіз жоқ?
Шофер: Мен қала көшелерінде автобус жүргізетін едім.Көлігімнің дөңгелегі жарылып қалды.
Тәрбиеші: Шофер ағай сіз төрлеңіз ,біздің балалармен бірге болыңыз.
Біздер бүгін осы көліктермен танысып жатыр едік ,төрлеңіз.
Балалар көліктер үш түрге бөлінеді.
Әуе ,су,жол көліктері болып.
Слайд арқылы таныстырам .
Әуе көліктеріне ұшақ жатады.Су көлігіне кеме жатады.Ал жол көлігіне жеңіл машиналар,автобус,жүк көлігі жатады.Көліктерді бәрін арнайы мамандар жүргізеді.
Ұшақты ұшқыш жүргізеді.Ал кемені кеме капитаны жүргізеді,Машинаны шофер жүргізеді.
Ал жеңіл көліктермен біздер балабақшаға келеміз.ата-аналарымыз жұмысқа барады.Бір қаладан екінші қалаға қыдырып барамыз.
Кім автобусқа мініп көрді екен?
Тәрбиеші: балалар біздер шофер ағайға көмектесеміз бе?
Балалар : иә,көмектесеміз.
Тәрбиеші: балалар шофер ағайдың көңілін көтеріп автобус жайлы тақпақ берейікші.
Асия :
Автобусқа мінемін
Қалаларды көремін
Көрген әсем ерлерді
Есіме сақап қаламын
Бекарыс:
Автобус алға зулайды
Бағыттан аумайды
Зыр айналар дөңгелек
Көлік бізге керек
Нұрайым:
Үлкен болып өскенде
Автобус алам менде
Бірақ ол үшін
Білу керек бәрінде.
Тәрбиеші: Шофер ағай біздің балалардың автобус жайлы тақпағы ұнады ма?Енді көңілің күйіңіз қалай болды.
Шофер: Ой ,балалар менің көңілім кішкене көңілім көтеріліп қалды.
Тәрбиеші: Олай болса балалар шофер ағамыздың автобусының дөңгелегін салып берейік.
Сергіту жаттығуы
Кәне қанат жазайық
Ұшақ болып ұшайық
Ұшып,ұшып алайық
Қайтіп келіп қонайық.
Тәрбиеші:балалар жаңа шофер ағай бізден көмек сұрады.Көлігінің дөңгелегі сындырып алыпты .Соған көлігінің дөңгелегін салуға көмектесейікші.
Балалар: көмектесеміз.
Тақтаға назар аударыңдаршы.
Не жетіспей тұр балалар автобустың.
Балалар : Автобустың дөңгелегі жетіспей тұр.
Тәрбиеші: иә,дұрыс айтасыңдар дөңгелек жетіспей тұр.Балалар алдарыңдағы сурет аяқталмаған екен,кәне аяқтап бітірейік.Балалар біздер суретті триз әдісімен салып көрейік. Ол үшін біздерге қара түсті бояу және тығын қақпақты пайдаланып саламыз.
Алдымен тығынды қолдарыңа алыңдар,оны алдарыңда тұрған қара бояуға ұқыпты батырып ,бірінші артқы дөңгелегін бастырамыз, содан соң алдыңғы дөңгелегін саламыз.Менің қолымда үлкен қақпақ ,ал сендердің қолдарыңдағы кішкентай қақпақ.Ал енді біздер әдемі автобустың дөңгелегін саламыз.Балалар автобус көлігіміз болғандықтан ұқыпты әдемі болған жақсы.Ендеше алдымыздағы тұрған қақпақтарды пайдалана отырып автобустың дөңгелегін саламыз.
Міне біздің автобусымыздың дөңгелегі дайын болды.
Біздің балаларымыздың салған суреті сізге ұнады ма шофер ағай.
Шофер : Ойбалалар мен сендерге ризамын көп –көп рахмет .Менің көңілім көтердіңдер.Менің автобусыммен жұмысма шығатын болдым.Көшедегі адамдарды керек жеріне дейін жеткізіп салайын.Сендерге тағы үлкен рахмет.Менің кететін уақытым болды.Сау болыңдар балалар өркендерің өсін!
Тәрбиеші: Сау болыңыз.
Амин:
Көшемізде үнемі
Машиналар жүреді
Көрдім үлкен кішісін
Кейде асығыс жүреді
Айда ;
Көліктер бар сан түрлі
Суда ,жерде ,көктеде
Дөңгелекті машина
Қажет бізге көліктер
Ұшақ,пойыз ,кемеде.
Алихан:
Біле білсен өнерім
Басқалардан асады
Жоқ демесең номерың
Жүк машинасын жасадым.
Айша:
Досым маған ойыншық
Машинасын сыйлайды
Бірақ оның ішіне
Саусағым сыймайды
Ойын: «Жер,су,аспан»
Тәрбиеші: Сау болыңыз.
Қортынды:
Бізге кім қонаққа келді?
Қандай көлікпен таныстық?
Балаларды мадақтау.
№3 «Қарлығаш»бөбекжай-бақшасы
Шығармашылық саласы бойынша «Сурет салу»
Тақырыбы : «Автобуc»
II кіші топ №2 «Жұлдыз» тобы
Тәрбиеші:Мыңбаева Қ.Т
Достарыңызбен бөлісу: |