Дене сапасын дамыту жаттығуларының тізімі: шапшаңдық



Дата28.03.2022
өлшемі19,2 Kb.
#137030
Байланысты:
Дене сапасын дамыту жаттығуларының тізімі



Дене сапасын дамыту жаттығуларының тізімі: шапшаңдық

Балалардың бұлшық еттері жыл сайын бір қалыпты және тұрақты түрде өсіп отырды. Алайда, әр түрлі бұлшық ет топтары күшінің жыл сайынғы өсуі бір қалыпты ьолмайды. Дене жаттығуларының тоғыз жастан бастап денені тік ұстайтын бұлшық еттердің күші елеулі түрде артады да, саусақ бұлшық еттерінң күші біршама тежеледі. Бұлшық еттер күшінің үдемелі түрде өсуі қыз балаларды 11–12 жаста, ал ер балаларды біршама кейінірек 12–12 жас аралығында басталады. Балаларда күш қабілетін жетілдіретін жаттығулар негізнен жүйелі түрде орындалып отыруы қажет. Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш өте көп болмауы қажет. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет — қабілеттерін дамытудың негізгі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отыруы қажет. Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін, ал көп жағдайда төзімділікті арттыратын жаттығулрадың алдында орындалғаны жөн. Күш қабілетін жетілдіру үшін жаттығулардың төменгідей түрлерін орындау керек. [1] а) кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа екпетімен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қажет. ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бірнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оны үстінде отырған оқушылармен бірге қөтеріп алып жүру) серіппелі спорт құралдарымен, баппен (гантель) көтерумен жаттығу. Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады. Өйткені ол мектеп жасындағы балалардың ең қолайлы жаттығуы. 10–13 жастағы оқушыларға белгілі бір деңгейдегі күш, төзімділік қабілеттерін жетілдіретін жаттығулар керек. Себебі 10 жасқа дейінгі балалар жиі алаңдап, белгілі бір деңгейде күш жұмсауға қабілетсіз болса, 10 жастан кейін күш қабілеті едәуір артады. Төзімділік қабілетін жетілдіру үшін бірінші кезекте күрделілеу жаттығулар пайдаланылады.Бұлар: аласа кермеге тартылу, гимнастикалық қабырғаға және орындыққа қолды тіреп, бірнеше рет бүгіп — жазу, онша ауыр емес заттарды көтеру. [2] Жылдамдық қабілетін жетілдіру үшін ең бірінші қозғалыс шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланады. Қозғалыс шапшаңдығын дамытуда қайталау тәсілі қолданылады. Әрбір келесі қимыл — әрекет бұрын көрсетілген шапшаңдықты арттыру міндетін алға қоюы керек. Жүгіру кезіндегі жылдамдықты бағалау үшін тест есебінен 20 м қашықтықты бірден жүгіріп өтудің орташа көрсеткіші мынадай: Жас Ер балалар Қыз балалар Уақыт (сек) Шапшаңдық (м/сек) Уақыт (сек) Шапшаңдық (м/сек) 12 3.0 6.7 3.3 6.0 13 3.0 6.7 3.2 6.3 Жылдамдық қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар шапшаңдық қашан төмнедей бастағанша қайталана беруі керек. Оларды сабақтың басында немесе ептілікті арттыратын жаттығуларды орындаудан кейін өтқізген жөн. Ептілік қабілетін жетілдіру үшін гимнастикалық жаттығулармен қоса әдеттегі қимыл — қозғалыс жаттығуларын күрделендіре қолдануға болады. Мысалы:беткейден шаңғымен еңіске қарай жұптасып сырғанап түсу немесе заттарды көтеріп сырғанап түсу. Әдеттегі қозғалыстарды кездейсоқ бастапқы қалыптардан орындау (мысалы бір орыннан ұзындыққа секіру бір жақ жанымен немесе теріс қарап тұрып орындау),бір орында тұрып 180–360 қа бұрылып скеіру, ал ең бастысы — акробатика мен әр түрлі қимыл — қозғалыс ойындары ептілікті жетілдіруге пайдалы болмақ. Ептілік қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар әдетте кіріспе бөлімінен кейін, сабақтын негізгі бөлімінің басында орындалады. Дене тәрбиесінде пайдаланылатын жаттығулар адам организміне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізгді.Денеге түсетін күшті, яғни жүктеме мөлшерін белгілеген кезде оның жүйесі және дәйекті болуын мейлінше дұрыс сақтау қажет. Дұрыс ұйымдастырылған дене жаттығулары адамға қажетті күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік т.б қасиет — қабілеттерінің қалыптасуына белсенді түрде әсер етеді. [2] Дене тәрбиесі мен әдістемесі үш бөлімнен тұрады: 1. Дене тәрбиесінің теориясы — дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің қоғамда алаты орнын зерттейді. 2. Дене тәрбиесінің әдістемесі — дене тәрбиесі ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілеп, талдайды. 3. Спорттық жаттықтыру — оны өткізу әдістемесін, мерзімі мен кезеңдерін, артықшылықтарын айқындайды. Бұл дене тәрбиесі маманының кәсіптік деңгейін көрсетеді. Ғылыми мәні мен тәжірибе жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі процесінің заңдылықтарын ашып береді. Қазіргі дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің негізгі көздері мынылар: 1. Адамдарды Отан қорғау ісіне, еңбек етуге қабілетті, денсаулығы мықты адамдарды тәрбиелеу. 2. Практикалық жұмыс. Теориялық, әдістемелік жаңалықтар іс жүзіндегі тәжірибе жұмыстарымен тексеріледі. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесін байыту. 3. Еліміздегі дене мәдениетінің орны және оны дамытуға байланысты “Қазақстан — 2030’’ стратегиясы жүзеге асыру шаралары. 4. “Қазақстан Республикасы бұқаралық спортты дамыту жөніндегі шұғыл шаралар ”. 5. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің, сондай — ақ басқа ілімдер қөлеміндегі ғылыми зерттеулердің нәтижелері. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педогогика, психология, социология, физиология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, денсаулығын нығайтудың жолдарын жан — жақты қарастырады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педогогика, спорттық психология пәндерін ортақ теориялық заңдылықтарға сүйеннді. Осы пәндерді алынған нақты нәтижелер теорияға негіз болып табылады. Дене шынықтыру және спорт жаттығулары адам организімінің өзара үйлесімді әрекетте болуын қамтамасыз етеді. Сырттан әсер ететін қолайсыз жағдайларға организімнің төзімділігін арттырады. [4] Дене шынықтыру және спорт жаттығулары организімді нығайтуға мақсатында орындалады. Соның нәтижесінде денеге мынандай сапалық өзгерістер іске асады. 1) Сыртқы дене бітімі өзгеріп әдемілене түседі. 2) Қимыл — қозғалыс жасау қабілеті артады, яғни дене иқемді, епті бола түседі де, жасалған қимыл — қозғалыстары бір — бірімен өзара үйлесімді, сәнді болып шығады. [3] Дене шынықтыру және спорт жаттығуларының негізгі бұлшық еттердің қимыл — қозғалыс жасауы болып табылады. Қажет деп есептелген қимыл — қозғалысты орындағанда адамның көңіл — күйі ғана көтеріліп қоймай, оның бұлшық еттері де сергіп, рахаттанатын болады.Дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау адамның жан — жақты өсіп жетілуіне қолайлы жағдай туғызады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет