Предмет/Пән: Биология 9 сынып. Дата/Күні:---------------- Урок/Сабақ №:39
Тема/Тақырыбы: Генетикаға кіріспе. Мендельдің гибридологиялық әдісі.
Цели/Мақсаты: Генетика ғылымы нені зерттейтіні туралы түсінік беріп, Г. Мендельдің гибридологиялық әдіс жайлы тереңірек сипаттау. Жүйелік-қисынды және абстактылы ойлау қабілеттерін дамыту. Ғалым генетиктер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Оборудование/Құрал-жабдықтар: оқулық, мәтіндер жазылған карточкалар, 9 сыныпқа арналған ЭО,
Тип: жаңа білімді меңгеру сабағы
Методы/Әдіс-тәсілдер: 1) жартылай ізденіс
Форма организации познавательной деятельности/формалар:1) жалпылай; 2) жұптық 3)топтық
Формы/формалар: әңгіме, оқулықпен өздік жұмысы.
Ход урока/Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту:
1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
2. Грегор Мендельдің қысқаша өмірбаяны.
3. Зерттеу жұмысында Г. Мендельдің гибридологиялық әдісті қолдану тәжірибесі.
Жұптық жұмыс . Мәтін 3 жұпқа беріледі.
1. Генетика ғылымы нені зерттейді? Генетика (грекше депезіз — тууға қатысты) дегеніміз — организмдердің тұқымқуалаушылығы мен өзгергіштігін зерттейтін биологиялық ғылым. Генетика ғылым ретінде XX ғасырдың бас кезінде белгілі болды. Генетиканың қалыптасуына:
а) XIX ғасырда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуы;
ә) өсімдіктер және жануарлар селекциясы;
б) Ч. Дарвиннің "түрлердің пайда болуы", "Үй жануарлары мен өсімдіктердің өзгергіштігі";
в) 1980—1990 жылдарда редукциялық бөліну, өсімдіктердің ұрықтануы — кариокинездің ашылуы;
г) әрбір түрге хромосома санының тұрақты болу заңының шығуы;
ғ) 1900 жылы үш ғалымның — Де Фриз (Голландия), Корренс (Германия), Чермак (Австрия) 1866 жылы ашқан Грегор Мендельдің өсімдіктер буданы белгілерінің тұқым қуалау заңын екінші рет дәлелдеп, қайта ашуы әсер еткен. Кейін генетика өзінше ғылым болып бөлінді. Тұқым қуалайтын өзгергіштік, мутация, тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы анықталды.
1920 жылдары рентген сәулелерінің мутацияньщ пайда болуына әсер ететіндігі белгілі болды. 1940 жылы тұқым
қуалау ақпаратының материалдық тасушысы (негізі) ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) екендігі дәлелденді 1953 жылы ДНК молекуласының құрылымы, нәруыз молекуласының ақпаратты беру механизмі толық анықталды. Генетик, цитолог, биохимик, биофизик, микробиолог және иммунолог ғалымдардың бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында бірталай жаңалықтар ашылып, генетика ғылымы дамыды.
2. Грегор Мендельдің қысқаша өмірбаяны. Иоганн Грегор Мендель 1822 жылы Чехияның Гинчица деген елді мекенінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Табиғатты сүю әкесінен дарыған. Бастауыш мектепте, гимназияда, философия мектебінде оқыды. Тұрмыс жағдайына байланысты Г. Мендель Брно (бұрынғы Брюнне) қаласындағы монастырьға монах болып орналасады. 1851—1853 жылдары Вена университетінде оқуға, жаратылыстанумен және математикамен шұғылданады. Университетте оқи жүріп, Г. Мендель Брюннедегі училищеде жаратылыстану мен физикадан сабақ береді. 1856—1872 жылдары монастырьдың ауласындағы шағын бақшада тәжірибе жүргізеді. Ч. Дарвин еңбегімен танысқан соң, Мендельді белгілердің тұқым қуалауы қызықтырады. Өзінің жасаған тәжірибесінің қорытындысын Г. Мендель 1866 жылы "Өсімдік буданымен тәжірибе" деген шағын еңбегінде жариялаған. Бұл еңбегі көп жылға дейін (35 жыл) ескерусіз қалады. Г. Мендель 1884 жылы қайтыс болады. Мендель қайтыс болған соң 16 жылдан кейін (1900) үш ғалым —Де Фриз, Корренс, Чермак (бір-біріне сүйенбей) жеке-жеке тәжірибе жасап, Г. Мендельдің заңын екінші рет ашқан. Бұл заң бұлардан 35 жыл бұрын ашылғандығы ақырғы белгілі болып, дәлелденді. Өзінің тұрып және тәжірибе жүргізген монастырының бағында (Брноқаласы) 1910 жылы Мендельге ескерткіш орнатылған. Мендельдің ашқан заңы барлық тірі табиғат пен Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі үшін өте үлкен жетістік болып саналады.
3. Зерттеу жұмысында Г. Мендельдің гибридологиялық. әдісін қолдану тәжірибесі.
Г. Мендель — белгілердің тұқым қуалайтынын дәлелдеу үшін монастырьдың шағын бақшасында бұршақтың бір немесе екі белгісімен ажыратылатын әртүрлі іріктемесіне тәжірибе жасайды.
Г.Мендель тәжірибеге алынатын өсімдіктердің; мынадай белгісіне көңіл бөлген:
1)тұқымқауызының(қабығы) түсі (сары және жасыл);
2) сабағының ұзындығы (бйік және аласа);
3) тұқымдардың пішіні (дөнгелек (тегіс) және қатпарлы);
4) гүлінің реңі (қызыл және ақ) және т.б.
Г. Мендельдің таңғалдырған-күлте түсінің тұқымның қауызына (қабығы) ұқсас болуы, мысалы, гүлінің түсі ақ болса, тұқым қауызы да ақ, қызғылт күлгін түсті болса, тұқым қауызы сәл шұбарланған дақты қызғылт сұр түсті болған. Мендельдің бір тәжірибесінде гүл күлтесінің түсі әртүрін — қызғылт қоңыр (пурпурный) және ақ болды. Аналық өсімдік ретінде қызғылт күлгін түсті гүлді бұршақ алады. Ақ гүлді бұршақтың гүл тозаңдарын жинап алып, гүлі қызғылт қоңыр түсті бұршақты тозандандырған. Табиғи жағдайда бұршақ өздігінен тозанданады (гүлін жармай тұрып тозаны мен аналығы тозанданады). Қолдан тозандандырылған өсімдіктің тұқымы бұдан (гибрид) болып есептеледі. Осы тұқымды келесі жылы сепкенде, бірігіп (Р^; латынша рНсйе — ұрпақ) буданды ұрпақ алынған, демек, Р — буданды ұрпақ. Бір рет будандастырылған бірінші ұрпақ — Га, екінші ұрпақ — Р2, үшінші ұрпақ — Б\, белгісімен белгіленеді. Г белгісі латынша "ұрпақ" дегенді білдіреді. Бірінші ұрпақтағы өсімдіктердің гүлдері тек қызғылт қоңыр түсті болып, ақ түсті гүл мүлдем болмаған. Мұндай құбылысты Г. Менделі— басымдылық (доминантты; латынша йоттапз— басымдылық, артықшылық) деп атаған. Білінбей жоғалып кеткен түсті (ақ) рецессивті (латынша гесеззиз — байқалмау, көрінбей қалу) деген. Бірінші ұрпақтан алынған тұқымдарды келесі жылы сепкенде (өздігінен тозанданған), олар енді екінші ұрпақ (Г2) болып есептеледі. Екінші ұрпақтың (Г2) гүлдері әртүрлі — қызғылт қоңыр және ақ түсті болған. Ұрпақта екі түрін белгінің де (доминантты, рецессивті пайда болуы белгілердің ажырауы деп аталады. Демек, рецессивті белгі (гүлінің ақ түсті болуы) бірінші ұрпақта (ГА) мүлдем жоғалмаған, тек жасырын түрде сақталып қалған, білінбеген, сондықтан екінші ұрпақта (Г2) көрінді. Бірінші ұрпақта (Б\) доминантты белгі басым болғандықтан, ол көрінбей қалып, екінші ұрпақта (Г2) шықты. Егер ол белгі біржола жойылып кетсе, екінші ұрпақта да (Г2) кершбей қалар еді. Бірінші ұрпақта бір белгінің басымдылық көрсетіп, екінші белгінің көрінбей қалуын Г.Мендель басымдылық заңы деп атады. Г. Мендель бұршақ өсімдігімен 8 жылдай жұмыс істеді. Бұршақтың 22 әртүрлі іріктемесін будандастырып, 10 000 өсімдікке 287 тәжірибе жүргізді.
3. Бекіту:
138. Төмендегі терминдерге анықтама беріңдер.
Генетика-
Көпбуданды шағылыстыру-
Таза тармақ-
Басымдық белгі-
Басылыңқы белгі-
Гомозигота-
Диплоидтық-
Аллельды гендер-
Рефлексия;
1. Генетика ғылымы нені зерттейді?
2. Генетика ғылымының негізінін қалануы не себепті Мендель есімімен байланысты?
3. Мендель зерттеу жұмыстарына не себепті бұршақ өсімдігін таңдап алды?
4. Гибридологиялық әдістің ерекшелігі неде?
4. Үйге: § 2 оқып білу, 100 беттегі сұрақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |