Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В011011-Педагогика және психология Пән циклы атауы және коды



бет20/58
Дата09.01.2022
өлшемі107,08 Kb.
#110450
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58
Байланысты:
Жанұя психологиясы мен педагогикасының негіздері.Силлабус

Отбасының құқықтағы орны Демократиялық қоғам отбасылық қатынастардың тұрақтылығы мен қуаттылығына, қызығушылығына қызығушылық танытуда. Бұл үшін неке, отбасылық қатынастар отбасының тіршілік әрекеті, оның қоғаммен байланысы тұрақты құқықтық базаға негізделуі қажет. ҚР-ның конституциясына сәйкес, отбасы ана мен бала мемлекеттің қамқорлығында болады, себебі мемлекет балалардың тұрақты дамуын тәрбие алуы мен білім беруін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағынан қамтамассыз етеді. Конституция ата-аналарды өз балаларын тғрбиелеуге, еңбекке баулуға және олардың бойында еңбексүйгішті тәрбиелеуге міндеттейді. Балаға ортақ тегін білім беруге кепіл беріледі. Бұл адам құқығын қорғау халықаралық құқықтық актіге, әсіресе Бала құқығы туралы.Конвенцияға.(1989) сәйкес келеді.

Біздің мемлекетімізде ҚР-дағы Отбасылық кодексі енгізілген, ондағы отбасылық принциптердің заңдылықтары, Бала құқығы туралы конвенциядағы принциптер мен белгілермен сәйкестендендірілген. Кодекс отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеудің жаңа прогрессивті құқықтық нормаларды қалыптастырудағы масштабты жұмыстың нәтижесі. Кодекс некеге тұрудың шарттары мен тәртібін, некенің тоқталуын және оның жарамсыз деп танылу шарттарын орнатады, отбасы мүшелерінің арасындағы мұліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді. Қазақ қоғамына тән дәстүрлі адамгершілік құндылықтар заңмен белгіленеді. Некеге өз еркімен тұруы өзара сезімге, ерлі-зайыптылардың теңдігі, бір-бірін құрметтеуіне, махаббат пен өзара көмекпен негізделеді. Алғашқы рет Отбасы кодексінде бала- ата билігіне тәуелді обьект емес, өз алдына дербес субьект құқығы бар субьект есебінде қарастырылады. Отандық заңнаманың негізгі принципі - балалардың отбасылық тәрбие алу приоритеті, олардың құқықтары мен міндеттерінің қорғалуы. Кодекс ата-ана құқықтарын құрметтеуге, әкесі мен анасының құқықтар мен міндеттерінің теңдігін сақтауға негізделген. Бұл - балаға байланысты сұрақтарды ата-анасы бірігіп шешеді деген сөз. Ешкімнің бір-бірінің алдын артықшылығы бола алмайды. Ата-ананың екеуіне де баланың тәрбиесі мен дамуына ортақ және бірдей міндеткерліктер жүктеледі. Неке тоқтатылған жағдайда да ата-ана құқықтары мен міндеттері сақталады. Баланы кәмелетке толғанша асырау, ата-ананың моральдық борышы. Балалардың қызығушылығын қамтамассыз ету ата-аналардың ерекше қамқорлығына жатады. Заңнамаға сәйкес балаларды тәрбиелеу әдістері жағымсыз, қатыгез, дөрекі сөйлеуді, тіл тигізуді немесе балаларды эксплатациялауды болдырмау қажет. Кодексте ата-ананың құқықтарын тартып алу немесе шектеу себептері (материалдық жағынан қамтамасыз етуден бас тарту,балалармен қатігездік, антиқоғамдық мінез-құлық, ата-аналардың ауыр психикалық аурулары, олардың балаларға моральды әсер етуі) нақтыланған.


Бекіту сұрақтары:

  1. Балаларға праволық нормалардың мәнін қалай түсіндіру керек?

  2. Талаптардың қайшылығы балаға қалай әсер етеді?

  3. «Бала құқығы туралы Конвенция» туралы не білесіз?

  4. Бала мен үлкен адамның құқықтары қай уақытта әлеуметтік мәнге ие болады?

  5. Отбасын не себепті кіші әлеуметтік-психолгиялық топ дейміз?

  6. Отбасы ішінде қандай екі негізгі қарым-қатынас бой алады?

  7. Неке деген не? Анықтамасын айтыңыз.

  8. Некеге тұрудың мақсаты не?

  9. ҚР-ның конституциясына сәйкес отбасы, ана мен бала мемлекеттің қамқорлығында дегенді қалай түсінесіз?

  10. ҚР-дағы Отбасылық кодексі нені реттейді?

  11. Отандық заңнама - Отбасылық кодексінің негізгі принципі не?

Әдебиет: (силлабус соңындағы әдебиеттер)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет