Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В011011-Педагогика және психология Пән циклы атауы және коды



бет22/58
Дата09.01.2022
өлшемі107,08 Kb.
#110450
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Байланысты:
Жанұя психологиясы мен педагогикасының негіздері.Силлабус

9.2. Семинар/ практикалық сабақтар

1. Тақырып: Жанұя қызметтері, оларға сипаттама.

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жанұя қызметтері (функциялары) қандай?

  2. Олардың бір—рінен айырмашылықтары қандай?

  3. Қай қызметтер дұрыс орындалмауда?

Әдістемелік нұсқау:

  1. Лекцияны оқып, жанұя қызметтерін (функцияларын) тізбелеп жазып алыңыз.

  2. Сызбаға түсіріңіз

  3. Әрқайсысына сипаттама беріңіз

  4. Қай қызметтер дұрыс орындалмауда? деген сұраққа өз пікіріңізді жазыңыз

2. Тақырыбы: Жанұяның тәрбиелік кызметі және баланың қалыптасуындағы оның мәні.

Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Жанұя тәрбиесінің зерттелуі

2.Жанұяның халық педагогикасында алатын орны

3.Жанұя тәрбиесінің ұстанымдары



Әдістемелік нұсқау:

  1. Жанұя тәрбиесінің қоғамдық тәрбиеге қарағанда аз зерттелу себебін түсіндіріңіз.

  2. Жанұя педагогикасының философия, әлеуметтану, экономика, заң ғылымдары, психология, медицина, физиология мен генетика сияқты көптеген ғылымдармен байланыстылығын қалай түсіндіресіз?

  3. Педагогикада отбасы баланың алғашқы және мықты тәрбиешісі ретінде қаралуы жайлы айтыңыз.

  4. Жанұяның халық педагогикасында алатын ерекше орнын дәлелденіз.

  5. Жанұядағы тәрбиенің халық педагогикасындағы үш ірі топқа бөлінуін сызбаға түсіріп, әрқайсысына сипаттама беріңіз.

  6. Жанұя тәрбиесінің ұстанымдарын сызба арқылы көрсетіңіз.

  7. «Тәрбие педагогикалық құбылыс ретінде әлеуметтік мәдени құндылықтарға бағытталғанымен сипатталады» дегенді түсіндіріңіз.

Жанұя тәрбиесінің мақсатын анықтаудағы қиыншылықтар және оны шешу жолдарын түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет