5.Тақырыбы: Жанұя тәрбиесіндегі еңбектің маңыздылығы
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Еңбек - бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры. Еңбек - асыл мұрат.
Баланы еңбек түрлеріне баулу.
Баланы болашақта мамандық таңдауға дайындау.
Әдістемелік нұсқау:
Біріншіден, «Еңбек - бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры», «Еңбек - асыл мұрат» тақырыптары төңірегінде (қалау бойынша біреуін таңдап) кіріспе әңгіме құраңыз. Екінші сұрақ бойынша отбасында баланы еңбек түрлеріне қалай баулу керектігі жөнінде ата-аналарға қандай кеңес беруге болатынын ойластырыңыз. Бұл тұста баланың жас ерекшелігін ескеріңіз: қай сыныптың оқушысы?
Үшінші сұрақ бойынша тапсырма: Сіз 8-сыныптың жетекшісіз. Оқушыларыңызды мамандық таңдауға қалай дайындайсыз?
Достарыңызбен бөлісу: |