3.Тақырыбы: Жанұяның коммуникативтік қызметіне мінездеме.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Коммуникативтік қызмет – отбасы ішіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру, жанұяның басқа адамдар мен әлеуметтік топтармен өзара әрекеттестігі.
2.Жанұя әлеуметтік топ ретінде психологияның зерттеу пәні болғандықтан, жанұядағы психологиялық және тұлғаны қалыптастыру үшін жағымды ахуалындағы қарым-қатынас ерекшеліктері, балалар мен ата-аналар арасындағы қатынастардың маңыздылығы.
3. Жанұя тәрбиесінің коммуникативтік қызметінің үш мектеппен - Ана тәрбиесі, Әке тәрбиесі, Ене тәрбиесімен байланыстылығы.
4. Ең қуатты да, пәрмендісі- әке тәрбиесі
Әдістемелік нұсқау:
Біріншіден, бұл тақырыпты ашу үшін оны алдында өткен психология қарастыратын қарым-қатынас ерекшеліктерімен, халық педагогикасындағы үш мектеппен байланыста қарастырып ойланыңыз. Жоғарыдағы төрт сұрақтар сол үшін беріліп отыр.
Екіншіден, сол ойларыңыздан түйген пайымдауларыңызды жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |