Модуль 4. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
Тақырып: Ата-аналар мен бала арасындағы құқықтық қарым-қатынастары
Сағат саны:2
Жоспар:
1.Жанұя тәрбиесінің құқықтық негіздері
2.Отбасы құқығына байланысты ұғымдар
3.Ата-аналардың бала тәрбиелеуіндегі міндеттері мен құқықтары
4.Ата-аналардың құқықтарынан айырылуы және шектелуі
Дәріс тезисі*
Жанұя тәрбиесінің құқықтық аспектілері
Ата-аналардың қызметі-балаларға праволық нормалардың мәнін түсіндіру, қоғамдық, меншік пен үй мүлігіне көңіл бөлдіру.
Мектеп пен жанұя жағынан да, соның ішінде әр ата-ананың, жанұя мүшелердің талаптарының бірлігі-бұл тәрбиенің міндетті шарты болып табылады. Ата-аналардың баланың мінез-құлығына өнегелі талаптарының қайшылығы-баланың тәрбиесіне жаман әсер етеді. Дұрыс өнегелі мінез-құлық туралы білмейтін кішкентай балалар, талаптардың қандай болу керек екендігін, түрлі жағдайларда, қандай, шешім қабалдау керек екендігін түсінбейді.Талаптардың қайшылығы оқушының еріктігін әлсіретеді және балада жаман қасиеттердің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бұған арамдық, көнгіштік жатады.
Мектеп пен жанұя талаптарының бірлігін қамтамассыз ету үшін, ата-аналар, оқушыларға арналған ережелерді тек қана білу ғана емес, сонымен қатар оларды балалармен бірге талдауы тиіс.
Әр балада өмір сүруге, өз денсаулығын, білімділігін қорғау құқығы бар.
Біздің республикамызда бала құқығын қорғайтын басты заң- ол «Бала құқығы туралы конвенция». Бұл заң Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылдың 20 қарашада қабалданған Қазақстан Республиканың қазіргі конституциясында бала қызметі мен құқығеы есепке алынды. Конституцияның 27-ші мақаланың II-ші тарауы бойынша: «Балаларды қорғау және оларға тәрбие беру –ата-аналардың негізі құқығы мен қызметі». Ал, III-ші тарауда кәмелеттік жасқа толған еңбекке жарамды балалар, еңбекке жарамсыз ата-аналарға, көмек көрсету қажет екендігі туралы айтылады.
Құқық азаматтық жауапкершілікпен біріккен кезде және құқықтарды тек өз үшін ғана емес, адамдар үшін тиімді етіп пайдаланғанда ғана бала мен үлкен адамның құқықтары әлеуметтік мәнін игере бастайды. Бұл түсінікті балада тәрбиелеу қажет.
Праволық мемлекетте өмір сүрүге дайын болу үшін біз жас ұрпақты заңдарға сай өмір сүруге үйретуіміз керек. Сондықтан, БҰҰ Конвенциясы және ҚР бала құқығы туралы заңдарының педагогикалық аспектісі маңызды болады. Заңға сыпайы көзбен қарау-тұлғаның қалыптасуының ең негізгісі. Адам заңға сай өмір сүруді, заңды құрметтеу және оны орындауды кішкентай жасынан бастап үйренуі тиіс. Барлық заңдарды және ұлтаралық акттарды математика, физика, химия заңдарын сияқты оқып білу керек.
Бірігіп жұмыс істеудің күрделі формасы- бұл, ата-ана мен бала қарым-қатынас негізінде өздеренің тұлғалық қасиеттерін дамыту. Бұл дағдының мақсаты- ата-ана мен баланың азаматтық позициясын қалыптастыру және олардың өз өмірінде, басқа адамдардың өмірінде маңызды өзгерістерді еңізуге дайындау.
Отбасы құқығына байланысты ұғымдар қатарына отбасы және неке туралы ұғымдар жатады..Қазіргі ғылымда отбасына берілетін анықтама жоқ,алайда осыдан көп ғасырлар бұрын ғұлама ғалымдар оған анықтама беруге тырысқан еді (Платон,Аристотель,Кант,Гегель,т.б). Отбасының көптеген белгілері, түрлері анықталған бірақ оларды қалай біріктіріп, ең негізгілерін бөліп алуға болады? Отбасында ортақ жанұялық шаруашылық, мүшелерінің бір үйдің астында тату өмір сүру сияқты нышандары бар.
Семья - отбасы мүшелері некелік және туысқандық қарым-қатынас арқылы байланысқан, тұрмыстық ортақтық, моральдік жауапкершілік және қоғамдық физикалық және рухани халық санын көбейту сияқты әлеуметтік қажеттілікке байланысты болатын кіші әлеуметтік-психолгиялық топ.
Бұдан шығатын қорытынды, отбасы ішіндегі екі негізгі қарым-қатынас бой алады,бұл ерлі-зайыптылы (күйеуі мен әйелі арасындағы некелік қарым-қатынас) және туысқандық (ата-аналар мен балаларының, балалар арасындағы,туысқандар арасындағы қарым-қатынастар).
Нақты адамдардың өмірінде отбасы әр алуан, көп жүзді болады. Біреулер үшін отбасы-тірек, эмоцияналды сүйеніш болады,басқа біреулер үшін-ұрыс,жанжал.Алайда бақыт ұғымын әлемде тұратын адамдардың көбісі отбасымен байланыстырады, отбасында бақытты болған адам ғана өзін бақытты санай алады. Жақсы отбасын құрған адамдар, құра алмаған, оны құлаудан сақтай алмаған немесе бойдақтарға қарағанда көп өмір сүреді, аз ауырады, нәтижелі еңбек етеді, өмірдегі қиыншылықтардан оңай өте алады,адамдарға жақсылық ойлайды.Бұны әлемдегі көптеген мемлекеттердегі әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отыр.
Неке-өмірдің үздіксіздігін бірқалыпты сақтауға құрылған әйел мен еркектің жыныстық қатынастарының әлеуметтік бағыттарының механизмдері (табу,салт-дәстүр,дін,құқық,мораль). Отбасын құру мен бала санын көбейту некеге тұрудың мақсаты болып табылады,сондықтан неке ерлі-зайыптылардың арасындағы және ата- аналық құқықтар мен міндеттерді белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |