Бала мен ананың қатынасы дүниеге келгеннен басталады. Баланың әр жасында өзгерістер пайда болады.Ер баланың анасына,қыз баланың әкесіне деген махаббаты. Бірақ баланың анаға деген махаббаты өшпейді. Ана сүйеніш,өмірге жетелеуші адам. Социологиялық тексерулер әкенің орны анамен теңескендігін көрсетіп отыр. Қазіргі уақыттағы аналар өз балаларымен көп уақыт өткізеді, олардың қалыптасуына ықпал етеді. Баланың өмірін оның қоршаған ортасы - әке мен ана қалыптастырады.
Баланың жыныстық, психологиялық қасиеттерінің даумында ер адамдар үлкен роль атқарады. Әке, әдеттегідей, қыз балалар мен ұл баларға дифференциялдық түрде көңіл бөледі: :ұл балаларда белсенділікті, шыдамдылықты, батылдықты, қыз балаларда жұмсақтықты, мейірімділікті, шыдамдылықты мадақтайды.
Қазіргі заманға сай ата мен әжелер өте сауатты, мәдениетті адамдар. Олар баланы асырап бағу ғана емес, сонымен қатар балаға жүйелі түрде әсер ету, оның ой-өрісінің дамуына ыкпал жасау бала өмірін сенімді, тұрақты етіп қалыптастыруға тырысады. Жасы үлкен адамдар баланы тәрбиелеуге мұқтаж болады.
Достарыңызбен бөлісу: |