Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В011011-Педагогика және психология Пән циклы атауы және коды


Тақырып: Мектеп оқушыларының ата-аналарымен жұмыс істеу әдістемесі



бет18/58
Дата09.01.2022
өлшемі107,08 Kb.
#110450
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Байланысты:
Жанұя психологиясы мен педагогикасының негіздері.Силлабус

Тақырып: Мектеп оқушыларының ата-аналарымен жұмыс істеу әдістемесі
Сағат саны:2

Жоспар:
1.Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық өзара әрекеттестігінің негіздері
2.Отбасы тәрбиесін психологиялық-педагогикалық диагностикалау
3.Ата-аналарға педагогикалық білім беру
4.Оқушылардың ата-аналарымен ынтымақтастықта болу формасы
Дәріс тезисі*

Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.


Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Отбасы - белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді.
Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.
Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.
Бекіту сұрақтары:

  1. Тәрбиеге байланысты мектептің рөлін түсіндіріңіз.

  2. Мектептегі тәрбие жұмыстарының формалары қандай?

  3. Отбасын неге адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.дейміз?

  4. Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда ұтымды ырғақ қалай жасалады?

Әдебиет: (силлабус соңындағы әдебиеттер)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет