Тақырып:Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас стильдері
Сағат саны:2
Жоспар:
1.Отбасындағы қарым-қатынастардың стильдері және түрлері, оларға сипаттама
2.Отбасындағы ішкі қарым-қатынастар
3.Отбасындағы ішкі қарым-қатынастардың негізгі бағыттары және олардың жетілдіру жолдары
Дәріс тезисі*
1. Бала сезімінің еркіндігін, ақыл-ойын, сезімін тәрбиелеу
Тіл табысу көбінесе отбасы мен мектептің қарым – қатынасына байланысты болады. Оқушылардың ата – аналары педагогтың өз балаларына деген жақсы қарым – қатынасына сенімді болуы керек. Ата – аналармен әңгімелесуінде мұғалім баланың дамуы туралы асығыс шешім қабылдауға болмайды, мысалы қойғанда. Сөйлескенде «сіздің балаңыз» деген сөздерді айтуға болмайды, өйткені ол мұғалімнің баланы ұнатпауын көрсетуі мүмкін.