Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В011011-Педагогика және психология Пән циклы атауы және коды


Тақырып: Қазіргі таңдағы отбасы типологиясы



бет10/58
Дата09.01.2022
өлшемі107,08 Kb.
#110450
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58
Байланысты:
Жанұя психологиясы мен педагогикасының негіздері.Силлабус

Тақырып: Қазіргі таңдағы отбасы типологиясы
Сағат саны:2

Жоспар:
1. Отбасы типтері және оларға сипаттама
2.Бір балалы отбасылардын тәрбиелік мәселелері
3.Толық емес отбасындағы тұлғаның қалыптасу ерекшеліктері
Дәріс тезисі*

Әр отбасы ерекше бола тұрып, өзіндік қасиеттерге байланысты көп түрлі болады. Олардың ішінде ең көне түрі- патриархалдық отбасы. Құрамында кейінгі заманның ұрпағы, яғни ата-әжелері бар, көп адамнан тұратын ауқымды отбасы. Мұндай жанұяның балалары ата-анасының қамқорлығында болып, үлкендерді құрметтеп, ұлттық және діни салт-дәстүрлерді сақтап жүреді. Қазіргі күні әйел бостандығы, әйелдердің әлеуметтік-экономикалық өзгерістері, патриархалдық отбасыда кездесетін авторитаризмді жойды. Ауылды жерлерде тұратын жанұяларда патриархалдық жүйе негіз алады.


Қалалы жерлерде тұратын отбасылардың нуклеаризация және сигмантизация процесі бастау алады. Нуклеарлық отбасы – негізінен екі ұрпақтан тұрады. Ерлі-зайыптырлар мен олардың балалары (отау құрмаған жас балалар). Ал біздің елімізде үш ұрпақтан тұратын отбасылар да кездеседі. Оның құрамына ата-ана, балалар және ата-әжелердің біреуі болса да кіреді. Мұндай отбасылар өзінің қалауынсыз ата-енесімен тұруға мәжбүр болады.
Нуклеарлық, яғни жас отбасыда, ерлі-зайыптылардың тығыз байланысы басымырақ көрініс табады. Олардың байланысы бір-біріне деген құрметінен, көмегінен, қамқорлықтарынан көрінеді. Бірақ нуклеарлық отбасылардың көбеюінен жас ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналарымен арасындағы байланысы үзіледі. Бұдан үлкендердің жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі де, мол мұрасы да аз беріледі, жетіспейді.
Соңғы онжылдықта отбасының шағын түрі көп кездеседі. Ол екі адамнан тұруы мүмкін. Шағын отбасының көбею себебі, ата-аналардың ажырасуы немесе қайтыс болуы. Шағын жанұяда ата-ананың біреуі (көбінесе анасы) баланы өзі тәрбиелейді. Мұндай отбасыны аналық отбасы (внебрачная) деп те атайды. Шағын отбасыдан айырмашылығы, анасының баласының әкесіне күйеуге шықпауы. Статистика бойынша әрбір алтыншы бала, күйеуге шықпаған анада туылады. Ананың жасы 15-16 және оның баланы жалғыз асырауға да, тәрбие беруге де күші болмайды. Соңғы жылдары 40 жасқа келген әйелдер де аналық отбасыны құруға шешім қабылдайды. Олардың мақсаты “өзім үшін бала табамын”.
Қазіргі таңда отбасының негізгі әлеуметтік функцияның бірі - ер мен әйелдің жанұядағы қажеттіліктерді бірге өтеутігінде. Бұл әлеуметтік процесс жаңа ұрпақтың дамуына, өсуіне жол береді. Отбасының репродуктивті функциясы көптеген ғылым салаларының өкілдерін қызықтыруда. Оларды қызықтыратын тағы бір жайт, дамыған елдерде бала тууы дамушы елдерге қарағанда азырақ болады.

Жер бетінде туу жағынан Үндістан бірінші орында. Жыл сайын 27,5 млн нәресте туады екен. Одан кейін Қытай- 17,4 млн баламен . Бірақ олардың негізгі өмірлік ұрандары: “Бір отбасыға – бір бала”.


Баланың туу процесіне көптеген факторлар әсер етеді: әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, отбасының тұрғындық, қаражаттық жағынан қиыншылық көрмеуі, әлеуметтік-мәдени нормалар, ұлттық салт-дәстүрлері, ерлі-зайыптылардың білімділігі және денсаулығы, олардың арасындағы қарым қатынас, ата-ананың көмегі, әйелдің мамандығы және жасайтын іс-әрекеті.
Бір жанұяда бала саны жайлы пікір педагогикалық мәнділік қана емес, әлеуметтік-экономикалық мәнділік те болады.
Отбасының толық, бірақ деструктивті түрі де бар. Мұндай отбасыда үнемі ұрыс-керіс, жанжал болып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет