Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В011011-Педагогика және психология Пән циклы атауы және коды



бет12/58
Дата09.01.2022
өлшемі107,08 Kb.
#110450
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
Жанұя психологиясы мен педагогикасының негіздері.Силлабус

Толық емес жанұя ата-ананың ажырасуының, біреуінің қайтыс болуының салдарынан туады. Ең кең тараған түрі - ана мен баладан тұратын жанұя.
Баланың психикасына қатты әсер ететін жайт, үйден кеткен ата-ананың біреуімен әрдайым қарым-қатынаста болмауы, үнемі әңгімелеспеуі, оның көмегін көрмеуі. Ажырасқаннан кейін, ата-ананың бір-біріне деген жағымсыз көңілдерін, зұлымдылықтарын балаға көрсету - үлкен қауіп төндіреді.
Отбасының ыдырауы оның үйреншікті қалпын өзгертеді, соның нәтижесінде тәрбие қиынға түседі. Ең алдымен толық емес отбасындағы материалдық жағдайдың нашарлауынан бастайық. Тіпті қолайлы жағдайда (анасы жұмыс істейді, әкесі ақшасын уақытында төлейді) отбасы қиыншылықтарды сезеді, бұл әсіресе әр-түрлі ерекше құбылыстарда байқалады.
Ыдыраған отбасының әлеуметтік байланысы өзгереді. Айырылысқан әйел соңғы жылдарындағы болған таныс адамдарды бірте-бірте жоғалтады, өйткені олар – бұрынғы күйеудің достары. Ол өзінің отбасында күйеу жағынан туыстарды қонақ ретінде қабылдауын үміт етпейді, бұл баланың әлеуметтік ортасын кедейліндіреді, оның үйреншікті эмоционалдық байланысын айырады.
Материалдық және әлеуметтік проблемалар – жалғыз қалған әйелдің жан дүниесінің қасіретінің негізгі себебі. Бұл оның тұрақсыз көңіл-күйдің, көтеріңкі қозғыштығымен байланысты болады. Шеше баланың болар-болмас істеріне айқайлауы мүмкін. Әкесінің үнемі араласуынан айрылған бала оны сүйетін, қорғайтын, түсінетін сенімінің үлесін жоғалта бастайды. Өгей әке (өгей шеше) пайда болған отбасыларда баланың эмоционалдық сферасында әр-түрлі ауытқулар байқалады, оның шешесімен (әкемен) өзара байланысы нашарлайды. Ата-аналар баланың қасіретін әрқашан байқай бермейді (ал бала өз қасіретін айта алмайды), соған байланысты олар баламен қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыра алмайды.
Сөйтіп, толық емес отбасыларда тәрбие жағдайы көптеген қолайлы емес факторлармен ауырлық түсіреді. Айырылысқан аналар бала тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана бастайды. Кейбір аналар көбінесе өзінің өткен өмірін емес, одан арғы өмірін ойлай бастайды. Олар жаңа серік болатын жолдасты табуға деген ойда болады. Бұл аналардың өз-өзін күтуі нашарлайды, тәртібі өзгеріп, агрессивтік, абыржушылық немесе керісінше тұйықтық пайда болады.
Басқа толық емес, әсіресе аналық отбасыларда кері тәрбиелік жағдай қалыптасады. Мұнда аналар өзінің қызметін, жауапкершілігін сезеді. Некеде өзін қанағат еместігін сезіп, олар өзінің статусын көтеруге тырысады. Өз тәртібімен, белсенді тәрбиелік позициясымен ана өзіне ғана емес, сонымен қатар айналадағы адамдарға өз баласын өзі тәрбиелей өсіре алатындығын, білім бере алатындығын дәлелдейді. Ананың барлық өмірлік қызығушылығы тек қана балада болады. Ана мұғалімнің барлық кеңестерін ілтипатқа алады. Бұл анада өзінің ерекше “мәдениет программасы” болады: баланы қайда жүргізу, не көрсету, қандай кітап оқыту. Баланың түрлі спорттық секцияларға, студияларға, үйірмелерге қатысуы оған қосымша білім беретіні мәлім.
Толық емес отбасыларда өзінің “шығындары” бар екендігі түсінікті. Біріншіден – бұл отбасылардың бөлектендігі, үйдегі қиыншылықтарға байланысты тұйықтылығы, бұл ең алдымен баланы биік дәрежеде тәрбиелеумен қатар күнкөрістік қаржы табу. Баланың қалыптасуына ананың басым болуы - негативтік жағдай жасайды.Өмірдің бірінші жылдарында бала мұны лайықты түрде қабылдайды, бірақ кейін өсе келе өзінің әлеуметтік тәжірибесін кеңейтүге тырысады. Кішкентай баланы ана далада ойнауға, достарымен қыдыруға жібермейді. Жасөспірім бұған қарсы шығуы мүмкін, сонда ана өзінің сәтсіздікке ұшырайтындығын есептейді.
Бекіту сұрақтары:

  1. Отбасының қандай түрлері бар?

  2. Патриархалдық отбасы қандай тбасы?

  3. Нуклеарлық отбасы ның ерекшелігі неде?

  4. Шағын отбасының көбею себебі не?

  5. Ерлі-зайыптылардың өздерімен-өздері өмір сүретін отбасы қалай аталады?

  6. Толық емес жанұя қалай пайда болады және оның қиындықтары қандай?

Әдебиет: (силлабус соңындағы әдебиеттер)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет