Қарым-қатынастағы агрессия және конфликт.
Реферат
Агрессия (латын тілінен аударғанда «agressio» - шабуыл) — адам әрекетінің ерекше формасы болып табылады. Мұндай мінез-құлық субъектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға тырысуымен сипатталады. Агрессивтік мінез-құлық қарқындылығы мен пайда болу дәрежесі бойынша: жеккөрушілік, жақтырмаушылықтан – тіл тигізуге («вербальдық агрессия») және дөрекі түрде күш қолдануға («физикалық агрессияға») дейін түрленеді.
Агрессия түрлері
1. Физикалық және вербальді болып келеді.
Физикалық агрессия— белгілі бір адамға немесе объектіге физикалық күш қолдану;
Вербальді — негативті сезімдерін дауыс арқылы (айқайлау), және де вербальді реакциялар (ұрысу, қарғау) арқылы жеткізу.
2. Тікелей және жанама
Тікелей агрессия — белгілі адамға бағытталған;
Жанама агрессия — белгілі адамға жанама түрде (қалжындар, жаман өсектер және т.б.) арқылы бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.
3. Сыртқы агрессия және ішкі (ауто) агрессия
Сыртқы агрессия қоршаған адамдарға бағытталған;
Ішкі агрессия – өзіне-өзін кінәләу, өзін масқаралау, өзіне физикалық зақымдар жасау, өзіне қол салу;
4. Қорғаныш және арандатқан (провокация) Қорғаныш — басқа адамның агрессивті мінез-құлығына пайда болатын агрессия;
5. Жаулық және инструментальді
«Жаулық» агрессияның негізі жындану болып табылады, оның басты мақсаты – зақым келтіру.
Егер зақым келтіру негізгі мақсат болмай, белгілі бір нәтижеге келу жолы болса, онда бұл "инструментальді" агрессия.
Қарым-қатынастағы агрессияның алдын алу.
1) Тәрбиені дұрыс беру. Бала кішкентай кезінен барлығын тәрбиеден алады. Сондықтан тәрбиенің маңызы өте зор. Егер авторитарлық және либеральды стильде тәрбие жүрсе, агрессияның келешекте дамуына күмән жоқ. Балаға авторитет болу керек. Бала ата-анасына қарап, олардың іс-әрекеттерін және мінез-құлықтарын қайталайды. Сондықтан балаларын дұрыс тәрбиелеу үшін, алдымен өзін дұрыс тәрбиелеу керек. Сөйлеген сөздері мен іс-әрекеттерін бақылап, қателіктерін түзету керек. Білім болмаса, адам қалай өзін тәрбилей алады? Ол психология, коммуникация, вербальды емес қарым-қатынас жайында әдеби оқулықтар оқуы тиіс. Егер білімді біліп, меңгерсе, баланы тәрбиелеуге көшу керек. Баласына ең бірінші әке немесе ана авторитетін орнатып, онымен достасуға тырысу керек. Ұрыспай, айғайламай, балаға қорқыныш арқылы емес, оның түсінушілігіне дейін жету керек. Керекті әдебиет материалдары: Дебра Хаффнер «От пеленок до первых свиданий», Франсуаза Дольто «На стороне ребенка». 2) Эмпатия. Егер адам сізге агрессивтілігін көрсетсе. Оған лезде агрессиямен жауап бермей, оның неге солай жасап жатқанын түсіну керек. Егер адам жындыхананың пациенті болмаса, онда бұл адамның сондай мінез-құлықтың пайда болуына себеп бар. Өзін сол адамның орнына қоюға тырысу керек, мүмкін сіз оған белгілі бір жәрдем бере алатын шығарсыз. 3) Кешірімді болу. Қазіргі заманда, уақыт өте құнды болып тұр. Адамдар үнемі асығыс. Біреулері жұмысқа, не оқуға, не т.б. жерлерге. Қазіргі заманда адамдар эгоист. Олар өз пайдасын ойлап, жер әлемінде индивид деп санайды. Ия, біз барлығымыз индивидпіз. Бірақ, өте көп болғанымен, күнделікті өмірде бірдей көрінеміз. Адамдардың тез ашуланшақтығын ескеріп, олардың агрессияларын жүрекке жақын қабылдаудың керегі жоқ. Кешірімді болған адам, агрессияға жауап бермей, оны өршітпейді және өз денсаулығын сақтайды. 4) Қалжың, көңілді көңіл-күй. Күнде көңіл-күйі жоғары адамдар, үнемі өзінен позитив шығарады. Қасындағы адамдармен орынды қалжыңдап, олардың көңіл күйін көтере алады. Бірақ, оның да шекарасы бар. Адамдар қалжыңды көтере алмаса, агрессияның пайда болуына жол ашады. 5) Артын ойлау. Әр адам қадамдарын бақылап, орынды сөйлеу тиіс. Өз-өзін бақылай алатын адам үлкен жетістіктерге жете алады. Егер бір адамға агрессиямен жауап берсең, оның дұрыс не бұрыстығын теңестіріп, келешекте сол адамға немесе саған әсері болуын не болмауын ойлауы тиіс. 6) Спортпен айналысу. Көп күш жұмсалатын іс-әрекеттерде көп негативті агрессивті сезімдер шығады. Және бұл денсаулыққа өте пайдалы.
Конфликт – (лат.тіл. conflictus- қақтығыс) – күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.
Егер әңгіме адамдардың бір-біріне әсерінен тундайтын болса, қақтығыстың жекелеген анықтамасы келісімге келмейтін қарама-қарсы формасында көрініс табады.Қақтығыс ашық және жасырын түрде өрбуі мүмкін, бірақ олардың негізінде әрқашан келісімге келмейтін пікірлер жатады. Сондықтан да қақтығыс екі немесе одан да көп кісілер мен топтардың арасындағы қайшылықтар негізінде анықталады.
Келісімге келмеу әртүрлі пікір, көзқарас, идея, мақсат, мұрат және тағы басқалардың сан алуандығынан туындайтын құбылыс. Кейде ол анық қақтығыс, нақтылы дау формасында көріне бермейді. Бұл тек орын алып отырған қарама-қайшылық адамдар арасындағы өзара әсер ету мүмкіндіктерін келісімге келмейтін пікірлер туғанда, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге ықпал еткен кезде орын алатын жағдай. Мұндай жағдайда адамдар жай ғана қандай да бір амалмен келіспеушілікті жеңуге мәжбүр болып, ашық даулы әрекеттестікке қатысады.
Егер даулы қақтығыздар нақтылы келісімдерге қол жеткізуне және өзара байланысты дамытуға мүмкіндік берсе, ондп олар функционалды деп аталады.
Шынайы қақтығыстар қатысушылардың нақтылы талаптары қанағаттанбағандықтан және бір немесе екі жақтың да әділетсіздігінен туындайды.
Қорытынды
Қорытындылай келе , қоғамда адамдар арасында ең үлкен құбылыс бұл қарым-қатынас. Қарым-қатынас болмай адамдар бір бірімен араласа алмайды. Ал қарым қатынасты орнату үшін ең алдымен мәдениетті көтеру керек. Қалай болса солай сөйлеу бұл өзара қатынасты бұзуға алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |