Қарым-қатынас



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі16,5 Kb.
#85786
  1   2
Байланысты:
Қоғамдағы отбасының рөлі (Эссе)
10 19, 10 19

Отбасы — әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады.
Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Яғни, балаларды тәрбиелеу тек ата-ананың жеке ісі емес, бұған барлық қоғам қызығушылық танытуы керек. Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен бастау алып,оқу тәрбие орындарында тәрбиеленген саналы ұрпақтың қолында.
Бұл мәселе еліміздің Заңдарында да көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының ата заңында «Біздің мемлекеттің ең басты байлығы, қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Осыған сәйкес елімізде адам және оның өмірі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Ата заңымызға сүйенсек «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген. Мемлекеттің бұл саясатын жүзеге асыру үшін бізге бірлік керек.
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ең басты іс-әрекеттердің бірі болып табылады. Қарым-қатынас — адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас - тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты.
Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше тұлға арасында рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.
Отбасылық қарым-қатынаста оның осы функциялары толық орын алады. Егер тартыс-талас, қарама-қайшылық, түсінбеушілік басым болса отбасында балаға дұрыс тәрбие беру мүмкіндіктері төмендейді.
Қарым-қатынасы бұзылған отбасыларына психологиялық және психотерапиялық көмек көрсетуге көптеген психотехникалар пайдаланылады. Отбасының екі тармағы — ерлі - зайыптылар мен ата - ана – бала қатынасы кеңінен қарастырылып, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары және қиындықтары талданып, одан шығару жолдары көрсетілді.
Бала тәрбиесі әр отбасынан басталатыны анық. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналарының тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелері бір-бірін түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына,көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата-аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт.Отбасында тәрбие үрдісін шебер басқару үшін ең алдымен ата-ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Баланың көпшілік уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс-әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады.Күн – ырғақ бұл өмір тәртібі. Ал бала сол отбасы мүшесі және ол өз міндетін қашанда орындауға тырысады.Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін-өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез құлықтарды байқайды. Кейде жағымсыз мінез-құлықтарды бойына сіңіріп, дағдыға айналдырып жатқан балаларды байқауға болады. Пайда болатын теріс қылықтардың басты себептерін талдап көрелік:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет