Денсаулығы әлсіз және мүгедек балаларға білім беру мәселесі бүгінгі күні көкейтесті болып табылады және тиісті назар аударуды талап етеді



бет1/2
Дата26.01.2022
өлшемі20,02 Kb.
#115067
  1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Word


Денсаулығы әлсіз және мүгедек балаларға білім беру мәселесі бүгінгі күні көкейтесті болып табылады және тиісті назар аударуды талап етеді. Себебі жыл сайын психикалық, ақыл-есі, физикалық дамуында туа біткен, жүре пайда болған ақаулықтары бар балалар саны арта түсуде.

Қазақстан Республикасының Заңнамасында адам құқықтары саласында халықаралық құжаттарға сәйкес барлық балалардың білім алуға тең құқылы екендігі қарастырылған. Балалардың білім алу құқығы кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау көрсету туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы» Заңдарында бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметі «2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» маңызды міндеттердің бірі ретінде инклюзивті білім беруді дамытуды анықтаған.

Мектебімізде инклюзивті білім алу санатына жататын оқушылар, яғни мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар білім алуда. Сол себепті біздің тарапымыздан «Мектеп бәріне ортақ» бағдарламасы әзірленіп, қазіргі күні игерілуде. Аталған бағдарламада ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру бағыттары көрсетілген. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің тиімді формасы болып табылады. Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар өз құрдастырымен кәдімгі жалпы орта білім беру мектебінде оқуға мүмкіндігі болады. Және олардың ұжымына мүше болып кіреді, өз мүмкіндігіне сай дами алады, сонымен қатар қоғам өміріне белсенді қатысу құқығына ие болады.

Біздің бағдарлама инклюзивті сынып жағдайында дамуында кемістіктері бар балалар мен мүгедек балалардың білім алуына болжамдала жасалған. Инклюзивті сынып – бұқаралық жалпы орта білім беру мектебі жағдайында дамуында ақаулықтары бар және мүгедек балалардың өзі қатарлас балалармен бір сыныпта оқуына болатын білім беру үдерісін ұйымдастырудың бір формасы. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың аталған формасы жеке оқытуға қарағанда басымдау болып табылады.

Инклюзивті сыныптарды құруда табысты инклюзивті білім берудің ішкі жағдайларын ескердік:

• ата-аналардың баланы дені сау балалармен оқытуға ниет білдіруі, оқыту үдерісінде оларға көмектесуге дайындығы және тырысуы;

• мүмкіндігі шектеулі балаға білікті көмек көрсетуге мүмкіндіктердің болуы;

• кіріктірілген оқытудың вариативтік модельдерін игеру үшін жағдай жасау.

сонымен қатар табысты инклюзивті білім берудің ішкі жағдайлары:

• жас ерекшелігі нормасына немесе оған жақын деңгейге сай келетін психикалық және сөйлеу дамуының деңгейі;

• даму деңгейі қалыпты қалыпты балаларғақарастырылған мерзімде жалпы орта білім беру стандартын меңгеру мүмкіндігі;

• инклюзивті сыныпта оқытуға баланың психологиялық дайындығы.

Инклюзивті сыныптарды құрған кезде ПМПК ұсынымдары бойынша бір білім беру бағдарламасы бойынша оқытылуға тиіс дамуында ақауы бар балаларды, мүмкіндігінше,  бір сыныпқа  біріктіру қажет.

         Мүгедек балаларды жалпы білім беретін сыныптарда білім алуға бейімдеу кезеңі  2015-2016 жылы  мектепте жабдықталған арт-терапия кабинетінде,  білім беру мекемесінде  және одан тыс жерлерде өткізілген   сыныптан тыс шараларда  өтті.

2014 жылы мектебіміз  «Мектеп – денсаулық  аумағы» атты қалалық сайысқа инклюзивті  білім берудің «Мектеп бәріне ортақ» бағдарламасымен  қатысып, жеңімпаз атанды. Біз инклюзивті мектеп артықшылықтарын  түсіндік,  бұлар:

-тәжірибе алаңы мәртебесін алу;

-түрлі ғылыми және қоғамдық ұйымдар, басқа әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық құру;

-мектепті және  мектептің жеке шараларын қосымша қаржыландыру;

-мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балаларды мектеп қызметінің барлық саласына кіріктіру, бұл арқылы мектептің қала бойынша    бәсекеге қабілеттілігін арттыру

-даму деңгейі қалыпты  балалардың мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген толерантты көзқарасын қалыптастыру;

- мүмкіндіктері шектеулі  және мүгедектігі бар балаларға қоғамның толеранттық көзқарасын қалыптастыру процесін қамтамасыз ету.

         Инклюзивті білім беру  моделін жүзеге асыру  барысында  мүмкіндіктері шектеулі  балалардың сұраныстары мен қажеттіліктерін өтей   алатын оқытуды  ұйымдастыру мәселелерін шешуіміз керек. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың  қоғамда өз орнын тауып, бейімделуі,  қоғамның толыққанды азаматы болып қалыптасуы біз үшін өте маңызды. Мектепте  әр бала,  соның ішінде мүгедек бала да  мекеменің  білім беру және әлеуметтік өміріне  қатыса алатындай орта  қалыптастыру керек, бұл  баланың табысқа жетуіне, өзінің қауіпсіздігін және қатарластар ортасында  өз маңыздылығын  сезінуіне мүмкіндік береді.

Мектеп оқушылары ұжымының  11%-ын мүмкіндіктері шектеулі балалар құрайды, сондықтан  осындай  балалар үшін арнайы жағдай жасау қажет. Мектепте түзету сыныптарында білім алатын  мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсетудің мол тәжірибесі бар болғанына қарамастан, түзету сыныбы жағдайында балаларға білім беру нәтижелері  біздің және ата-аналардың көңілінен шықпайды. Бар тәжірибені жүйелеп, ортаға салу арқылы  бұл санаттағы балалар  жалпы білім беру сыныбында  оқытылып,   қосымша жағдай жасалса,   олардың оқытылуы мен әлеуметтену табыстылығы арта түсер еді деген болжамға келдік. Бұл біздің  Инклюзивті білім беру бағдарламасын құрып, инклюзивті сыныптарды ашуымызға түрткі болды.

Инклюзивті білім беру бағдарламасы -  мүмкіндігі шектеулі балалардың негізгі  және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіне  көмек көрсетуге бағытталған кешенді бағдарлама.

Бағдарлама мүмкіндіктері шектеулі  балалардың  дене және психикалық кемшіліктерін түзетуге және бұл санаттағы  балалардың негізгі  және жалпы білім берудің негізгі жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруіне  көмек көрсетуге бағытталған.

         Төмендегі нормативтік құжаттар инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық және және құжаттық негізі болып табылады:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет