Статистикалық бақылау



Дата25.12.2021
өлшемі1,08 Mb.
#105394
Байланысты:
Слайд 1 апта

Қожа Ахмет Ясауи атындығы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Мемлекеттік басқару және экономика жоғарғы мектебі Статистика Тақырыбы: «Статистикалық бақылау»

ЖОСПАР:

  • Статистикалық бақылау
  • Мақсаты
  • Статистикалық жоспар
  • Бақылаудың нәтижесі
  • Әдебиеттер

Статистикалық бақылау

Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмір құбылыстары туралы мәліметтер жинау процесін айтамыз.Дегенмен кез келген сандар (мәліметтер) жинау статистикалық бола алмайды. Статистикалық бақылау деп жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырылған, әдетте бір жүйеде қоғам өмірінің құбылыстары мен процесстері туралы жиналған мәліметтерді айтады. Мысалы: елімізде халық санағы жүргізілгенде әр адам туралы, оның жынысы, жасы, отбасы жағдайы, қызмет бабы, т.б. фактылары жазылып алынады.

Мақсаты:

Статистикалық бақылау өзінің мақсаты, мазмұны мен әдісі жағынан шет елдердегі бақылаудан өзгеше. Бұл айырмашылық ең алдымен зерттеленетін құбылыстардың әлеуметтік – экономикалық мәнінің әр түрлі болуынан туындайды. Бұрынғы статистиканың қызметі – жоспарлы социалистік шаруашылыққа байланысты. Ал шаруашылықты басқару және оған басшылық жасау үшін әрбір объектімен буын туралы дәлме-дәл мәліметтер керек. Бақылаудың мақсаты – бақылауға қойылатын нақты міндеттерді анық, ашық тұжырымдау.

Статистикалық бақылау - өте күрделі және жауапты жұмыс.

Статистикалық бақылау - өте күрделі және жауапты жұмыс.

Статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған әрбір бірлік жиынтығы тексеруден өткеріліп, түзетулер енгізгелгеннен кейін, ғылыми жүйеде қорытынды жасау үшін сол алынған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай бір жүйеге келтіру керек.

Статистикалыө жоспар:

Статистикалық бақылау жоспарлы жұмыстың қолданылуын талап етеді. Бақылау жоспары жасалынбай, статистикалық бақылау жұмысы басталмайды және бұл жоспарды бақылау жұмысын ұйымдастыратын мекемелер дайындайды. Бақылау жоспарында қарастырылып отырған әдістің толық мазмұны яғни бақылаудың уақыты, орны, заты, құжаттары, онымен айналысатын мекемелер т.б. анықталады. Сол себептен бақылау жоспарының жасалуын, статистикалық бақылау әдісінің бастапқы кезеңін құрайды дейміз және бақылау қызметі жоспардың толық сақталуын қажет етеді.


Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтер жан – жақты тексеруден өтеді. Бақылауға жататын бірліктердің толық қамтылғандығы, көрсеткіштердің дұрыс толтырылғандығы мен салыстырылмалылығы, есептелгендігі және тағы басқасын қарастыру қажет.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бұл тәсілдің рөлі жоғары көтерілді. Себебі, көптеген ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдар көпшіліктің ой – пікірлерін білу үшін ақпарат құралдары арқылы әлеуметтік және демографиялық зерттеу жұмыстарын жиі жүргізе бастады. Сонымен бірге сауал– сұрақтың жауабын пікір алысу арқылы да жинауға болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • Башкатова Б. Экономическая статистика// Учебник.-М.-ЮНИТИ.-2002.-295с.
  • Закон Республики Казахстан «О государственной статистике»// Казахстанская правда.-1997.-7-мая
  • Социально-экономическая статистика: Учебник// Под.ред. А. Елемесова.-Алматы.-199.-310с.
  • Сиденко А Статистика// Учебник.-М.-Дело.-2001.-260с.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет