Экономикалық дамудың кластерлік принципі" - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру"
2011 жылғы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында республикамыздың бәсекеге қабілетті әлемнің 50 елі қатарына қосылу міндеті қойылды. Бұл міндетті қысқаша анықтап шығу үшін бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі Қазақстанның тұғырын, берілген рейтингін есептеу әдіснамасын және бірқатар басқа да мәселелерді қарастыру керек.
«Бәсекеге қабілеттілікті арттыру ең алдымен бәсекеге қабілеттілік дегеннің мәнісін түсініп алу арқылы анықталады. Қазірдің өзінде Президенттің аталған Жолдауын талқылау барысында алға тартылған міндеттің әр түрлі түсінілгенін байқау қиын емес: көбіне әңгіме “ең дамыған”, “ең табысты”, “ең бәсекеге қабілетті” елдер туралы болып жатады. Біздің ойымызша, Қазақстанды бәсекеге қабілетті елдің бірі ету мақсаты қойылғанын анық түсіну керек. Және де жалпылама емес, белгілі бір әдіснама, дәлірек айтқанда, жыл сайын есептеліп отыратын Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) белгілеген бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексі (БҚӨИ) (Growth Competitiveness Index) бойынша бәсекеге қабілетті ету мақсаты көзделіп отыр. Қазіргі кезде 2013 жылдың қорытындысы бойынша БҚӨИ бағалаудың басқа үлгісі жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексімен (ЖБҚИ) алмасты. Бірақ Президент Жолдауы БЭФ елдердің бәсекеге қабілеттілігін БҚӨИ бойынша бағалап отырған 2010 жылдың наурызында жасалған болатын, сондықтан да бұрынғы нұсқада қабылданған бағалау критерийінің индексін де қарастырған жөн.» [1]
Сонымен, Қазақстанның Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) анықтаған әлемнің 50 дамыған елінің қатарына қосылу міндетін орындау үшін ең алдымен технологиялық даму және қоғамдық институттар дамуы сияқты мәселелерге ерекше назар аудару керек, өйткені макроэкономикалық ортадағы жағдаят біршама жағымды қалыптасып отыр. Қоғамдық институттар индексі келісімшарттар мен заңнамалық және жемқорлықтың өзара бірдей деңгейдегі индексішілік индексінен құралады. Бұл екі индексішілік индекс те тексеру жүргізу және сауалнамалар арқылы есептеледі.
Бәсекеге қабілеттіліктің өсу индексімен салыстырғанда, Жаһандық бәсеке индексінде (ЖБИ) қолданылатын критерийлер жүйесінің айрықша елеулі жетістіктеріне кешенділік және бәсекеге қабілеттіліктің түрлі жақтарын қамту әрекетін жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |